• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Шілде 11, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

 «СТАНДАРТ» ИНДУСТРИАЛДЫ АЙМАҒЫ АШЫЛАДЫ

02.11.2022
0

Индустриалды аймақ – бұл нақты белгіленген заңды құқықтары, қажетті инфрақұрылымы мен коммуникациялары бар толықтай дайындалған жер учаскелері. Олардың артықшылығы кез келген өндірісті ұсынылған учаскелерде орналастыруға болады: фармацевтикалық кәсіпорындардан бастап автомобиль зауыттарына дейін, бұл ретте инвестор ешқандай шығындарға ұшырамайды.

Индустриялық аймақты құрудың мақсаты: жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету және машина жасау, тамақ және жеңіл өнеркәсіп, құрылыс материалдары мен конструкцияларын, ауылшаруашылық құрал-жабдықтарын өндіру сияқты басым салаларын дамыту.

Қазақстан Республикасының Президенті 2011 жылдың 21 шілдесінде арнайы экономикалық аймақтарды басқару және олардың жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған «Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы» Заңға қол қойған болатын. Сол кездегі Президент тапсырмасына орай экономикалық дамудың қозғаушы күші болып табылатын арнайы экономикалық аймақ Шымкентте де 2010 жылы бой көтерді. Бүгінде мегаполисте «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймақтан бөлек 4 индустриалды аймақ жұмыс жасауда және 1 «Бозарық» агро-индустриалды аймағының құрылысы жүргізілуде. Ал жуырда Абай ауданында орналасқан бұрынғы Қорғасын зауытының орнында шағын және орта бизнеске арналған «Стандарт» индустриалды аймағын ашу көзделуде.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің жанындағы ақпараттық-коммуникациялар орталығында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауы аясында атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде баспасөз брифингін  өткізген Абай ауданының әкімі Бұқарбай Парманов мәлімдеді.

–Мемлекет басшысы Жолдауда 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейтуді тапсырды. Осыған орай «Стандарт» жеке индустриалды аймағы салынуда. Мұнда шағын және орта бизнес субъектілері шоғырланады. Аумағы 118 гектарды құрайтын жеке индустриялық аймақта 176 мың шаршы метр дайын өндірістік алаңдар, оның ішінде 64 мың шаршы метр қойма алаңдарын салу жоспарланған. Жалпы құны 30 миллиард теңгені құрайтын инвестициялық жоба аяқталған кезде 3 мың адамға жаңа жұмыс орны ашылады, – деді Б.Парманов.

Кез келген мемлекеттің немесе аймақтың бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын басты көрсеткіш – елдің экономикасы. Ал экономиканың бәсекеге қабілетті болуының басты бағыты – индустриалды-инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыта отырып, инновациялық процестерге бет бұру.

Сондай-ақ, Бұқарбай Рысқұлұлы брифинг барысында аудандағы инфрақұрылым желілерін дамыту мәселелеріне де тоқталып өтті. Атап айтқанда, аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 33-і сапалы ауыз сумен қамтылғанын атап өтті.  Оның айтуынша, 2020 жылы ауыз суға 1,9 млрд. теңге бөлініп, Қызылжар, Игілік, Жаңаталап, Нұршуақ, Батыс, Тәуелсіздікке 20 жыл, Ынтымақ-2, Ақтас-2 елді мекендері ауыз су жүйесінің құрылысы жүргізілген. Ал, 2021 жылы 6,9 млрд. теңге қаралып, 9 елді мекенге ауыз су беріліпті.

Сонымен қатар 2022 жылы бұл мақсатқа 5,2 млрд. теңге бөлініп, Құрсай елді мекенінде орталықтандырылған ауыз су жүйесінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстар 2022 жылдың соңында аяқталып, елді мекен сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

–Абай ауданының 8 елді мекені орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтылған. Бұл елді мекендерде 116 мыңға жуық адам немесе аудан халқының 36 пайызы өмір сүреді.  2020-2022 жылдары аралығында 1 нысанның жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, 3 елді мекенде кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары аяқталды. Қалған елді мекендерді қамту мақсатында 2022-2025 жылдары аралығында Абай ауданы аумағында 2 кәріз тазалау имараты (КОС) салыну жоспарлануда. Нәтижесінде, 2025 жылға дейін Абай ауданы 59 пайызы орталықтандырылған кәріз жүйесімен қамтылады деп күтілуде, – деді аудан әкімі.

Б.Пармановтың айтуынша, аудан аумағы бойынша 34 елді мекеннің 31 елді мекені мемлекеттік электр жарығымен қамтылып отыр. Қалған 3 елді мекен  жеке меншік транформаторларды пайдаланады. 2021 жылы 5 елді мекенді (Ынтымақ-2, Айкөл, Игілік, Тәуелсіздікке 20 жыл, Ақжар) электр жарығымен қамту үшін жалпы 7,2 млрд. теңгеге жоба жасылып, ағымдағы жылы 5,2 млрд теңге бөлінген. Биыл 3 елді мекеннің (Нұршуақ, Батыс, Жаңаталап) құрылыс аяқталып, сапалы электр жарығымен қамтылып, аудан аумағы 100 пайыз электр жарығымен қамтылатын болады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

SMS КОДТЫ ЕШКІМГЕ АЙТПАҢЫЗ

ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫНА КЕНЕЛГЕН 30 ОТБАСЫ

Айғақ медиа
10.07.2026
0

Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған 95 мыңнан астам азамат бар. Бүгінде 30-ға жуық мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері, сондай-ақ...

SMS КОДТЫ ЕШКІМГЕ АЙТПАҢЫЗ

SMS КОДТЫ ЕШКІМГЕ АЙТПАҢЫЗ

Айғақ медиа
10.07.2026
0

Жыл басынан бері интернет-алаяқтықтың 330 дерегі тіркелді. Соның ішінде байланыс SIM-картасының мерзімі жақын арада аяқталатынын айтып, оны қайта іске қосу...

ЕЛДІКТІҢ БЕРІК НЕГІЗІ

ЕЛДІКТІҢ БЕРІК НЕГІЗІ

Айғақ медиа
10.07.2026
0

Алатау қанша биік болса да ай астында, Адамзат қанша биік болса да заң астында. Иә, еліміздің бас құжаты туралы Қазақстанның...

ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТТІҢ АЛДЫН АЛУ-БАСТЫ НАЗАРДА

ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТТІҢ АЛДЫН АЛУ-БАСТЫ НАЗАРДА

Айғақ медиа
10.07.2026
0

АИТВ инфекциясы – қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Осыған байланысты «қамаудағылар мен әскерге шақыртушылар және қызметкерлер арасындағы АИТВ инфекциясының алдын...

ЖАСТАРҒА КОНСТИТУТЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАСТАРҒА КОНСТИТУТЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Айғақ медиа
10.07.2026
0

Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында жастар және өңірлік жастар ресурстық орталығының белсенділерімен кездесу өтті. Кездесу барысында Конституцияның қоғамдағы...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР БАСТАУЫ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР БАСТАУЫ

Айғақ медиа
09.07.2026
0

 Шымкентте үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен Жаңа Конституцияның маңызы мен жаңашылдықтары талқыланды. Басқосу барысында Ата заңға енгізілген реформалардың қоғам өміріне ықпалы,...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.