• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Наурыз 13, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

МИНИСТР ШЫМШАҺАРДЫҢ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫ МЕН ӨНЕРКӘСІПТІК ӘЛЕУЕТІМЕН ТАНЫСТЫ

02.11.2022
0

Шымкентке жұмыс сапары барысында ҚР Ұлттық экономика министрі Оңтүстік Саяжай шағын ауданында инженерлік желілер құрылысының барысымен танысып, жергілікті тұрғындармен кездесу өткізді, деп хабарлайды аталмыш ведомствоның баспасөз қызметі.

Кездесуде тұрғындар электр энергиясының құнына шағымданды. Олардың айтуынша, шағын аудандағы жеке үйдің электр энергиясына тариф 1 кВт үшін 27-ден 35 теңгеге дейін құрайды.

Өз кезегінде Ә.Қуантыров қазіргі таңда шағын аудан аумағында жаңа қосалқы станция құрылысы жүргізіліп жатқанын атап өтті. Пайдалануға берілгеннен кейін электр энергиясының құны қала бойынша орташа 18 теңгеге дейін төмендетіледі.

Сонымен қатар, тұрғындар шағын ауданды газдандыру мәселесін көтерді. Абай ауданы әкімдігінің өкілдерінің айтуынша, газ құбырларын жүргізу жұмыстары тұрғын үйлердің құрылысы бітіп, пайдалануға берілгеннен кейін келесі жылдың соңына дейін аяқталады. Үйлері дайын тұрғындардың 40% — ы газды ағымдағы жылы алады.

Кездесуге қатысушылар бизнесті қолдаудың қаржылық және қаржылық емес шараларына да қызығушылық танытты. ҰЭМ басшысы азаматтар қызметтердің толық спектрін «Атамекен» ҰКП және «Даму» Қорының өңірлік өкілдігінен ала алатынын атап өтті. Кеңес алудан басқа, болашақ кәсіпкерлер менторлардың көмегіне, жеңілдікті қаржыландыру және Даму желісі бойынша қарызға кепілдік беру қызметтеріне сүйене алады.

Сапары аясында министр халықаралық әуежайдың жаңа терминалының құрылысымен танысты. Бүгінгі таңда ғимараттың қаңқасын салу, қаптау және шатыр жұмыстары аяқталды, жабдықтардың көп бөлігі әкелінді. Жаңа терминал бір уақытта сағатына 3000 адамға қызмет көрсете алады.

Сондай-ақ, ведомство басшысы «Стандарт» жеке индустриялық аймағының құрылыс алаңында болды. Ол жерде экологиялық мәселелерді шешу мақсатында қорғасын күл үйіндісін қайта өңдеу зауыты салынуда.

Индустриялық аймақтың құрылысы 2022-2024 жж. мерзімі аралығында 3 кезеңде жоспарланған, инвесторлардың ақпараты бойынша өндірістік үй – жайлардың жалпы ауданы 2024 жылға қарай 176 мың шаршы метрді, ал инвестициялар көлемі-17,5 млрд теңгені құрайды.

Сонымен қатар, ҰЭМ басшысы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағына жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды аралады.

Бүгінгі таңда аталған айсақта құрылымына құны 130,4 млрд теңге құрайтын 53 жоба кіреді, олар 6,2 мыңға жуық жұмыс орнын қамтамасыз етуді көздейді.

Сонымен қатар, 2022-2024 жылдары қолданыстағы жобаларды кеңейтуді ескере отырып, жалпы сомасы 77,2 млрд теңгеге 22 жобаны іске қосу және 3,9 мың жұмыс орнын құру күтілуде.

Әлібек Қуантыров ШЫмкенттегі өнеркәсіптік нысандарды аралады. Соның бірі «Оңтүстік» индустриалды аймағының аумағында орналасақан кәсіпорындардың қызметімен танысты. Атап айтқанда, министр «ЕвроКристалл» шыны ыдысын өндір зауытында болды.

Оны салу үшін «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы шеңберінде индустриялық аймақ аумағында жер учаскесі бөлініп, инфрақұрылым тартылды. Кәсіпорын 300-ден астам адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ете отырып, тамақ және фармацевтика өнеркәсібі үшін жылына 200 млн астам шыны ыдыс шығарады. Жобаның құны – 3,8 млрд теңге.

Сол жерде министр «QAZALPACK» жеңіл металдардан орау материалдарын шығаратын зауытқа барды. Мемлекет зауытқа «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде банктік қарыздың пайыздық мөлшерлемесін субсидиялайды.

Кәсіпорынның құны 23,4 млрд теңгені құрайды, оның жобалық қуаттылығы сусындарға арналған 500 млн дана алюминий банкалар мен қақпақтар жиынтығын шығаруға мүмкіндік береді. Өткізу нарықтары – Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан. Заманауи жабдықтар мен өндіріс процестерін толық автоматтандырудың арқасында зауыт минутына 3000 дана өнім шығарады. Зауытта 150 адам жұмыс істейді.

Жұмыс сапары аясында Әлібек Қуантыров «Жұлдыз» индустриялық аймағының құрылыс барысымен де танысты. Онда 5 мыңнан астам жұмыс орнымен қамтамасыз ететін 50-ден астам ірі жобаны іске асыру жоспарлануда.

«Shymkent» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ филиалының директоры Нұралы Арғынбаевтың айтуынша, бүгінгі таңда «Жұлдыз» ИА құны 130 млрд.теңге сомасын құрайтын 23 жоба орналастырылған. Инженерлік желілердің құрылысын аяқтау үшін республикалық бюджеттен 2,5 млрд. теңге қажет.

Өз кезегінде, ҰЭМ басшысы шығыстардың қалған бөлігін қаржыландыру 2023 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау шеңберінде заңнамада белгіленген тәртіппен қаралатынын атап өтті.

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӨКТЕМГІ ЕГІСКЕ 36,8 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Көктемгі егін егу жұмыстарына дайындық аясында Түркістан облысы биыл ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріп отыр. Нұралхан Көшеров Үкімет отырысында...

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

КҮРІШ ПЕН МАҚТА ЕГІСТІКТЕРІ АЗАЯДЫ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

24 ақпанда өткен Үкімет отырысында көктемгі егіс жұмыстарына дайындық барысы пысықталды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров мақта мен күріш егілетін...

КАСПИЙДІ ЗЕРТТЕУГЕ ЖӘНЕ САҚТАУҒА 1,1 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

КАСПИЙДІ ЗЕРТТЕУГЕ ЖӘНЕ САҚТАУҒА 1,1 МЛРД ТЕҢГЕ БӨЛІНДІ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Үкімет Каспийді зерттеуге, әрі сақтауға 1,1 млрд теңге бөлді. Тиісті Қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Қаржыландыру институттың ғылыми әлеуетін...

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖӘНЕ ЕГІН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫНА 700 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

КӨКТЕМГІ ДАЛА ЖӘНЕ ЕГІН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫНА 700 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

Айғақ медиа
24.02.2026
0

Қазақстанда 2026 жылға арналған егіс алқаптарының болжамды құрылымы бекітілді. Егіс құрылымы бидай алқаптарын қысқарту және жоғары рентабельді дақылдардың үлесін ұлғайту...

ШЫМКЕНТТЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРІСТІ КЕҢЕЙТУГЕ 39.5 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

ШЫМКЕНТТЕ ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ ӨНДІРІСТІ КЕҢЕЙТУГЕ 39.5 МЛРД ТЕҢГЕ БАҒЫТТАЛАДЫ

Айғақ медиа
23.02.2026
0

Мемлекет басшысының фармацевтика саласындағы отандық өндірістің үлесін ұлғайту жөніндегі тапсырмалары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі Денсаулық сақтау министрлігі мен «Химфарм» АҚ...

ШЫМКЕНТТЕ ХҚКО ҚҰЖАТТАРЫН ТӘУЛІК БОЙЫ АЛУ: ПОСТОМАТТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

ШЫМКЕНТТЕ ХҚКО ҚҰЖАТТАРЫН ТӘУЛІК БОЙЫ АЛУ: ПОСТОМАТТАР ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?

Айғақ медиа
18.02.2026
0

ХҚКО-дан дайын құжаттарды ыңғайлы уақытта, демалыс және мереке күндері де алып кетуге болады. «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясының мәліметінше, бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.