Шымкентте ҚР еңбек сіңірген әртіс Құрманбай Шойынбайевтың концерті өтті. Салтанатты шара әншінің 70 жылдық мерейтойына орай ұйымдастырылды. Оған жезтаңдай әншілер қатысып, өз өнерлерін паш етті. Екі күнге созылған мерекелік кеште халық әндерінен бөлек шетел туындылары да орындалды. Ауқымды шараға қала тұрғындары мен өнердегі ұстазы және әріптестері қатысты.










