Қаламыздың тарихынан ойып тұрып орын алған қорғасын зауытының тарихы тым тереңде. Дегенмен қаңқасы қалған индустриалды аймақтың аумағы қоқысқа айналғалы қашан? Көненің көзі, асылдың сынығына баланатын өндіріс орнына бүгінде абаттандыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл жайында Абай ауданының әкімі Бұхарбай Парманов баспасөз брифингінде мәлімдеді. Оның айтуынша аталмыш кәсіпорын келешекте мұражайға айналуы бек мүмкін. Қазіргі таңда осы мәселе бойынша ұсыныстар дайындалуда.










