• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Шілде 11, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

ШАҺАРДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҰМЫСТАРЫ ЖАҚСАРЫП КЕЛЕДІ

26.10.2022
0

Қалалық инфрақұрылым дегеніміз не? Қала құрушы қызметтері – өмір сүру және өндіріс. Адамдар тұратын және жұмыс істейтін қалалар мен басқа елді мекендер қалыптасады. Қаланың инфрақұрылымы азаматтардың өмірін қамтамасыз етеді, бұл үшін қажетті барлық нысандарды қаланы қамтамасыз ететін, инфрақұрылымдық деп атаймыз. Біз қалалық инфрақұрылымға: коммуналдық инфрақұрылым жүйелері (сумен жабдықтау және су бұру, жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, коммуникация объектілері мен желілері); көлік инфрақұрылымы (көше және жол желісі, көпірлер, тоннельдер, жол айрықтары, автотұрақтар, автосервис, қоғамдық көлік, жаяу жүргіншілер көшелері мен бульварлар, велосипед жолдары); әлеуметтік инфрақұрылым (денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету объектілері); рекреациялық инфрақұрылым (қалалық ормандар, саябақтар, скверлер, бақтар, ойын алаңдары және демалыс аймақтары) кіреді. Инфрақұрылымдық аумақтардың тізімі мұнымен біткен жоқ. Қаланы басқаруды және мемлекеттік және муниципалдық қызметтерді көрсетуді қамтамасыз ететін әкімшілік инфрақұрылым да бар.

Бүгінде Шымшаһарда Президент тапсырмасына сай коммуналдық инфрақұрылым жұмыстары күнніне күнге жүйелі және нәтижелі жұмыстардың арқасында біртіндеп жүзеге асып келеді.

Республика күні қарсаңында Шымкенттің “Абай” ауданына қарасты “Жаңаталап” елді мекеніндегі подстанция іске қосылды. Енді жергілікті 1361 үй сапалы электр қуатымен қамтылатын болады.

Салтанатты шараға қала әкімі Мұрат Әйтенов арнайы қатысып, жергілікті халықтың қуанышына ортақтасты.

Берілген уәденің уақытылы орындалғанына дән риза халық әкімге алғысын жаудырды.

“Біздің бірнеше жылдан бергі мақсатымыз орындалды. Халықпен етене жұмыс істейін ашық үкімет осындай болар. Тұрғындардың уәжін тыңдап, соны жүзеге асыру үшін елді мекенімізде құрылыс жұмыстары былтыр басталған еді, міне енді бір жылға жетпей, бекітілген мерзім ішінде сапалы электр энергиясын тұтынатын болдық”,- деді көпшілік.

Айта кетейік, Жаңаталапқа 42,190 шақырым электр желісі тартылып, 21 трансформатор мен 1312 бағана орнатылған. Тұрғындар электр қуатын бүгінге дейін жекеменшік желіден тұтынып, әр кВТ үшін 27-30 теңге аралығында төлем жасап келген. Енді олар бұрынғыдан қарағанда тиімді бағамен, яғни 17,9 теңгемен төлем жасайтын болады.

Қазіргі уақытта құжаттары дайын үйлерге абоненттеу жұмыстары жүргізілуде.

Жыл соңына дейін “Достық”, “Тұран”, “Нұртас”, “Сәуле”, “Жаңаталап” және “Солтүстік саяжай” елді мекендеріндегі  құрылыс жұмыстары толықтай аяқталады. Құрылыс жұмыстары 100% орындалып, жоспарға сай 2023 жылдан бастап мегаполис тұрғындары электр қуатынан тапшылық көрмейтін болады.

Республика күні қарсаңында Шымкент қаласының “Абай” ауданына қарасты “Көкбұлақ” елді мекені табиғи газға қосылды.

Шаһар басшысы Мұрат Әйтенов “Көкбұлаққа” арнайы барып, тұрғындардың қуанышымен бөлісті.

“Бүгін 1 балабақша мен құжаты дайын үйлерге газ қостық. Енді көмір тасып әуреленбей, барлығыңыз дерлік көгілдір отынды кіргізіп алыңыздар”,-деді әкім. Бұл сөзді құптаған халық жылдамдатып әрекетке көшетіндерін жеткізіп, қыс басталмай газбен қамтылғандарына алғыс білдірді.

Елді мекенді табиғи газбен қамту үшін құрылыс жұмыстары былтыр басталған. Жалпы ұзындығы 1 6,1 шақырымды құрайтын газ құбыры тартылып, бекітілген жоспар мерзімінде іске асып, 100%-ға орындалды.

Қазіргі уақытта магистралды газ құбырына газ беріліп, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Шымкент өндірістік филиалы тарапынан абоненттеу жұмыстары басталды. Құжаттары дайын үйлерге рет-ретімен көгілдір отын кіргізілмек.

Қазіргі таңда мегаполис тұрғындарының 93% табиғи газбен қамтылған.

Жыл соңына дейін, “Тұран”, “Ақтас-1”, “Ақтас-2”, “Нұртас”, “Батыс”, “Сәуле-276” орам, “Ақжар”, “Арғымақ” елді мекендеріне табиғи газ тартылып, көрсеткіш 94,7%-ға жетеді. Осының нәтижесінде 34 мыңнан астам тұрғын көгілдір отынмен қамтылатын болады.

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтенов «Бозарық» шағын ауданындағы 74 га жерге тартылып жатқан инженерлік-инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс барысын көріп, жұмыс сапасын қадағалады.

Аталған аумақтың 7 шақырымына электр энергиясы толықтай тартылып, құрылысы жүріп жатқан көп қабатты тұрғын үйлер қыркүйек айынан бастап сапалы электр қуатымен қамтылды.

Бұған қоса 4,1 шақырымды құрайтын газ құбырын тарту жұмыстары басталған. Құрылыс толығымен жыл соңына дейін аяқталады, ал әзірге тиісті жұмыстың 20% атқарылды.

Сондай-ақ мұнда жалпы ұзындығы 5,2 шақырымды құрайтын кәріз жүйесі тартылуда. Қазіргі уақытта құрылыстың 70%-ға жуығы орындалып, жоспар бойынша қалған жұмыстар қараша айында толық аяқталады.

Әрбір істің сапалы болуын талап еткен шаһар басшысы нысандар құрылысы мерзімінде аяқталуы қажеттігін айтып, тиісті басқарма басшылары мен мердігер мекеме өкілдеріне тапсырма берді.

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев осы жылдың 9 айында атқарылған жұмыстар бойынша берген баспасөз брифингінде мәлімдеді.

– Әл-Фараби ауданы қаламыздың орталық ауданы болғандықтан  табиғи газ 99% және электр қуатымен қамту көрсеткіші 100% құрап отыр», — деді аудан әкімі.

Ауданда ауыз су жүйесімен қамту көрсеткіші жүйеде 99,8%, электр жарығы 100%, кәріз жүйесімен қамту көрсеткіші 87 %.

Спикердің сөзінше, ауданда ұзындығы 299,1 шақырымды құрайтын 404 даңғыл, көше мен өткел бар. Жолдардың 279,5 шақырымы (88%) асфальт, 19,6 шақырымы (12%) тас жолды құрайды.

Ағымдағы жылы 30 көшеге асфальт салу жұмыстары жоспарланған. Сондай-ақ аудан аумағындағы 404 көшенің қазіргі таңға дейін 124 көшесі жарықтандырылған.

Аудан аумағында орналасқан 672 көпқабатты тұрғын үйлер 400 аулаға біріктірілген. 2014-2020 жылдар аралығында 291 көпқабатты тұрғын үйлердің ауласында абаттандыру және балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілген.

Сонымен қатар биыл «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 50 балалар ойын алаңшаларын орнату жоспарланған. Қазіргі таңға дейін 28 балалар ойын алаңшалары орнатылған. Сонымен бірге аталған жоба аясында 9 спорт алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілуде.  Ал 2023 жылы 7 спорт алаңшасы орнатылып, аудан аумағын 100% қамту жоспарда бар.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

SMS КОДТЫ ЕШКІМГЕ АЙТПАҢЫЗ

ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫНА КЕНЕЛГЕН 30 ОТБАСЫ

Айғақ медиа
10.07.2026
0

Шымкент қаласында тұрғын үй кезегінде тұрған 95 мыңнан астам азамат бар. Бүгінде 30-ға жуық мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкерлері, сондай-ақ...

SMS КОДТЫ ЕШКІМГЕ АЙТПАҢЫЗ

SMS КОДТЫ ЕШКІМГЕ АЙТПАҢЫЗ

Айғақ медиа
10.07.2026
0

Жыл басынан бері интернет-алаяқтықтың 330 дерегі тіркелді. Соның ішінде байланыс SIM-картасының мерзімі жақын арада аяқталатынын айтып, оны қайта іске қосу...

ЕЛДІКТІҢ БЕРІК НЕГІЗІ

ЕЛДІКТІҢ БЕРІК НЕГІЗІ

Айғақ медиа
10.07.2026
0

Алатау қанша биік болса да ай астында, Адамзат қанша биік болса да заң астында. Иә, еліміздің бас құжаты туралы Қазақстанның...

ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТТІҢ АЛДЫН АЛУ-БАСТЫ НАЗАРДА

ЖҰҚПАЛЫ ДЕРТТІҢ АЛДЫН АЛУ-БАСТЫ НАЗАРДА

Айғақ медиа
10.07.2026
0

АИТВ инфекциясы – қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі. Осыған байланысты «қамаудағылар мен әскерге шақыртушылар және қызметкерлер арасындағы АИТВ инфекциясының алдын...

ЖАСТАРҒА КОНСТИТУТЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

ЖАСТАРҒА КОНСТИТУТЦИЯНЫҢ НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕРІ ТҮСІНДІРІЛДІ

Айғақ медиа
10.07.2026
0

Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында жастар және өңірлік жастар ресурстық орталығының белсенділерімен кездесу өтті. Кездесу барысында Конституцияның қоғамдағы...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР БАСТАУЫ

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯ — ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР БАСТАУЫ

Айғақ медиа
09.07.2026
0

 Шымкентте үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен Жаңа Конституцияның маңызы мен жаңашылдықтары талқыланды. Басқосу барысында Ата заңға енгізілген реформалардың қоғам өміріне ықпалы,...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.