Шымкентте Америка бұрышы қайта ашылды. Құны 400 млн теңгені құрайтын мекеме заманауи жабдықпен толық қамтамасыз етілген. Салтанатты шараға Алматы қаласындағы АҚШ-тың бас консулы Кэролайн Сэвидж қатысып, қала тұрғындарын ашылу салтанатымен құттықтады.

Бүгінде Америка консулының бұрышы республикамыздың 10 қаласында бар. Шымкенттегі мекеме 2005 жылдан бастап қарқынды жұмыс атқаруда. Күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін жанданған Америкалық бұрыштың қайта ашылуы ағылшын тілін меңгерем деуші азаматтара айрықша мүмкіндік. Бұл жерге кез -келген қала тұрғыны келіп, өзіне қажетті білімді ала — алады.
Салтанатты жиынға арнайы келген Алматы қаласындағы АҚШ-тың бас консулы Кэролайн Сэвидж Шырайлы Шымкентке үшінші мәрте ат басын бұрған.Америка бұрышының қайта ашылуы мегаполис жастарына ерекше серпіліс әкелгенін ақтарыла айтып, алдағы уақытта басқа қалаларда да ашуды жоспарда бар екенін айтты.
Мерекелік кешке Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан қатысып, қала тұрғындарын құттықтады. Тілді меңгеру заман талабы екенін ескерсек мұндай орталықтардың ашылуы дамудың даңғыл жолына түсуіне сеп болады . Аталмыш Америкалық бұрышқа 3000 мыңнан астам кітап қоры бар.









