Көркем гимнастикадан еліміздің Үшінші мегаполисінде Қазақстан Республикасының Чемпионаты мен Кубогы өтті. Жарысқа 400-ге жуық спортшы 2 — жас ерекшелік бойынша жекелей түрден көпсайыс түрінен қатысты.
Жас гимнасшыларды Ә.Юсупова атындағы көркем-гимнастика мектебі қабылдады. Көркем гимнастика – гимнастикалық және би жаттығуларын орындаудан тұратын ең әсерлі де сымбатты спорт түрлерінің бірі. Бұл спорт түрін ең әдемі деп санауға болады, сондықтан ол спортшылармен де, көрермендермен де танымал.
Адамның көзін тартатын қимылдарымен, әсем безендірілген киімдерімен әрбір қатысушыр көреремендерді баурап алды. Дегенмен, бәйгенің заңдылығына сай жеңімпаздар санаулы болады. Көпсайыстан Қазақстан Республикасының Кубогында спорт шеберлігіне кандидаттар арасында Астаналық гимнастшылар Ерекешова Ақмарал 1-ші орынды және Кушербаева Дария 2-ші иеленсе, Шымкенттік гимнастшы Бақытжанқызы Зере 3-ші орынды иеленді. Ал, спорт шеберлері арасында Астаналық гимнастшылар Бакатова Сабина 1-ші орынды және Байленова Дильназ 3-ші орынды иеленсе, Шымкенттік гимнастшы Парфилова Милана 2-ші орынға табан тіреді.
Жекелей көпсайыстан Қазақстан Республикасының чемпионатында спорт шеберлігіне кандидаттар арасында:
Құрсау: Ерекешова Ақмарал (Астана) — бірінші орын, Ренскова Камилла (Алматы) — екінші орын, Кушербаева Дария (Астана) үшінші орын.
Доп: Ерекешова Ақмарал (Астана) — бірінші орын, Бақытжанқызы Зере (Шымкент) — екінші орын, Кушербаева Дария (Астана) — үшінші орын.
Булава: Ерекешова Ақмарал (Астана) — бірінші орын, Ренскова Камилла (Алматы) — екінші орын, Бақытжанқызы Зере — үшінші орын.
Лента: Куряченко София (Астана) — бірінші орын, Бақытжанқызы Зере (Шымкент) — екінші орын, Васильева Валерия (Астана) — үшінші орынды иеленді.
Жарысқа Шымкент қаласы әкімінің орынбасары – Исахов Мақсұт Пернебайұлы; Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы – Тұманбаев Бауыржан Қалмұхамедұлы; ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері – Майра Мұхамедқызы; Қазақстандық гимнастика федерациясының Президенті — Юсупова Алия Мақсұтқызы қатысты.
Жарысқа Халықаралық дәрежедегі төреші – Фотина Елена Вадимовна төрешілік жасады.










