• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Қаңтар 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

БАҒЫТЫ МЕН БОЛАШАҒЫ АЙҚЫН — ЖОЛДАУ

19.10.2022
0

 

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдаулары – қоғамымыз үшін мемлекеттік деңгейдегі маңызды әрі айтулы оқиға. Халыққа Жолдау – ерекше мазмұндағы құжат. Онда мемлекеттің бірінші тұлғасы ел дамуының ең өзекті мәселелерін белгілейді, оларды шешудің нақты жолдары мен шараларын көрсетеді, қоғамның одан әрі үдемелі дамуының стратегиялық бағдарлары мен бағыттарын белгілейді. Жолдауда алға қойылған міндеттердің, айтылған мақсаттардың логикалық жалғасы көрсетілді. Содан кейін Мемлекет басшысы басталған реформалар үдерістің басы ғана екенін, олар жалғасын тауып, тереңдей түсетінін бірнеше рет қайталады. Ал елдегі және әлемдегі барлық қиындықтарға қарамастан, қоғамды демократияландыру бағытында саяси реформалар жалғаса беретіні көңіл қуантады.

Жолдаудағы айтылған айқын бағыттар жастардың болашаққа сеніммен қарай отырып, өздеріне мақсат қойғандағы темірқазық іспеттес. Осы ретте, Академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру және насихаттау бойынша жиын өтті. Жиынға оқу орнының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Университеттің тәрбие және әлеуметтік істер жөніндегі проректоры Бердіқұл Садықов Мемлекет басшысының халыққа арнаған Жолдауындағы басым бағыттар, жастарға жүктелген міндеттер туралы әңгімеледі. Қазіргі бәсекелестік заманында жастардың білімге ден қойып, өз ісінің білгір маманы болудың маңыздылығына тоқталды.

– Мемлекет басшысының әр Жолдауында жастарға жан-жақты қолдау көрсетілетіні жөнінде айтылып келеді. Жастар қандай білім алса да, қандай кәсіп бастаса да мемлекет тарапынан қолдау барын сезінуі тиіс. Қазір ғылымды игеріп, кәсібін дамытып, тек алға қадам басатын кезең. Жас буын жасампаз болса, елдің болашағы да жарқын болары сөзсіз, – деді Б.Садықов.

Кездесуде Жолдау аясындағы міндеттер, оны іске асырудың тетіктері айтылды. Жолдауда айтылғандай, жастар нақты бір мамандықтың қыр-сырын жетік білуге ұмтылғаны жөн. Өз саласының шеберіне әрдайым сұраныс болатыны анық. Осы тақырып аясында студенттер өзара пікір алмасты.

Сондай-ақ, Қаратау ауданының жастармен жұмыс жүргізу бөлімі ғимаратында «Нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында кездесу өтті. Жиынға мемлекет және қоғам қайраткері Еркін Тұрниязұлы, Шымкент қаласының құрметті депутаты Хайрулла Сәрсенов, Қаратау ауданы жастар ресурстық орталығының басшысы Бекзат Төлебай және студенттер қатысты.

Күн тәртібінде талқыланатын мәселе бойынша спикерлер «Нашақорлық – қоғам дерті» тақырыбында студенттерге түсіндірме жұмысын жүргізіп, зиянды нәрседен аулақ болуға шақырды.

–Тәуелсіздігімізді алғанға дейін нашақор деген сөз жат ұғым еді. Зиянды затқа тәуелділік адам тағдырын құртып қана қоймай, бір отбасыны қиратуы мүмкін. Президент Жолдауда бұл мәселені де назардан тыс қалдырған жоқ. Мемлекет басшысының айтуынша, соңғы үш жылда тәркіленген синтетикалық есірткінің көлемі 10 есе артқан. Бұл – аса қауіпті әрі ауқымды әлеуметтік кесел. Сонымен қатар, есірткіге тәуелділік күн өткен сайын өмір сүру деңгейін төмендетіп, өлімге алып келуде. Сондықтан, бұған тосқауыл қоймасақ, жайлап кету қаупі көп. Жастарға айтарым, зиянды әдеттерден аулақ болып, өз денсаулықтарыңды күтіп, жат қылықтан сақтанғандарың өздеріңе жақсылық әкелері сөзсіз, — деді Еркін Сатқанбаев өз сөзін жастарға арнап.

Сонымен қатар, спикерлер сананы улаған кеселге тап болғандардың өмірі қиындай түсетінін ескертіп, жастарды білімді болуға шақырды.

–Нашақорлыққа әуес болған адамның одан құтылуы екіталай. Сондықтан жақсы нәрсені көп үйреніп, жаманнан жиренсеңдер, болашақтарың үшін пайдасы зор. Біз қазір дамыған заманда өмір сүріп жатырмыз. Сондықтан, білімді арттырып, қоғамның үлгілі азаматы болыңдар. Дұрыс ұстанымды ұстап жүрген жастар тура жолдан адаспайды,-деді сөз алған Хайрулла Сәрсенов.

Қаратау ауданы Жастар ресурстық орталығының басшысы Бекзат Төлебай келген қонақтарға өз алғысын айтып, танымды, тәрбиелі кездесу болғанын жеткізді. Алдағы уақытта еркін форматтағы іс-шаралардың жүзеге асатынын жеткізді.

Жиын барысында қала мәслихатының депутаты Н.Бұхарбаев алдағы саяси науқан — кезектен тыс Президент сайлауы жөнінде пікір білдірсе, «Оқушылар сарайы» мекемесінің басшысы Б.Мұстафаев Жолдауда айтылған білім мен оқушыларды қосымша үйірмелермен қамту бағытындағы ойын жеткізді. Жиынға қатысушылар көтерілген тақырып аясында өз ой-пікірлерін ортаға салды.

Шымкент қалалық партия филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары Мұратәлі Оразәліұлы еліміздің алдында тұрған аса маңызды міндеттердің бірі әртараптандырылған және жаңа технологияға негізделген экономика құру, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет», «Әділетті мемлекет» құру тұжырымдамасына және Жолдауда айтылған 5 бағдарға жеке-жеке тоқталып өтті.

Сонымен қатар, жиын барысында елдімекендерді сапалы инфрақұрылыммен қамту, жолдардың сапасын арттыру мәселелері қозғалды.

«AMANAT» партиясы Абай аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Есімхан Қалмаханұлы билік пен қоғам арасында тұрақты диалогты қалыптастыру арқылы азаматтардың лайықты өмір сүруіне жағдай жасалып, олардың құқықтарын қорғау қамтамасыз етілетінін айтып, жиынды қорытындылады.

 

Жолдаудың түпкі мақсаты – әлеуметтік әділеттілік орнату.  Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы – мемлекеттілікті одан әрі нығайтуды, азаматтардың құқықтарын қорғауды жетілдіруді және халықтың әл-ауқатын арттыруды көздейтін маңызды құжат.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы аясындағы еңбек ұжымдарымен кездесулер өткен аптада «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жалғасты. Ақпарат-насихат тобының мүшелері Шымкент химия компаниясының жұмыскерлерімен жүздесті.

Қалалық қоғамдық кеңестің мүшесі Баршагүл Исабек Президент Жолдауында көтерілген тақырыптарды атап өтіп, қарапайым еңбек адамына тиер пайдасына тоқталды.

– Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының біріккен отырысында жасаған Жолдауында негізгі бес тақырыпты көтерді. Соның ішінде ел өмірінің экономикалық-әлеуметтік саласына баса назар аударылып отыр. Мысалы, қазіргі таңда экономиканың негізгі қозғаушы күші саналатын шикізатқа тәуелділіктен біртіндеп арылып, шағын және орта кәсіпті дамыту маңызды болып тұр. Оның ішінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің орны бөлек. Көптеген жұмыс орны осы жоба аясында іске асырылуда. Ал әлеуметтік даму дегенде ойға, ең алдымен, денсаулық сақтау саласын дамыту, әйелдердің зейнеткерлікке шығу жасының өсуіне мораторий жариялау, бала күтіміне байланысты берілетін жәрдемақы мерзімін 1 жылдан 1,5 жылға ұзарту сияқты жаңашылдықтар оралады. Мұның барлығы ел игілігі үшін орындалатын тапсырмалар, – деді Баршагүл Қашқынқызы.

Айта кетейік, Шымкент химия компаниясында метил-трет-бутил эфир өнімдерін шығарады. Зауыттың өндірістік қуаттылығы жылына 57 мың тонна өнімді құрайды.

Шымкент қаласындағы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында орналасқан «Шымкент Кашемир» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұжымымен өткен кездесу барысында Шымкент университетінің кафедра меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Қуатбек Қалықұлов: «Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауы – мемлекеттілікті одан әрі нығайтуды, азаматтардың құқықтарын қорғауды жетілдіруді және халықтың әл-ауқатын арттыруды көздейтін маңызды құжат. Онда Қазақстанның жаңа экономикалық саясатының басым бағыттары айқындалған. Жаңа экономикалық саясаттың негізгі мәні – ұлттық байлықтың игілігін барлық азаматтар көре алатындай әділетті экономикалық жүйе құру. Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50 пайызын еліміздегі балалардың есепшотына аудару туралы бастама – сол саясаттың жарқын көріністерінің бірі. Бұл саясат әлеуметтік әділеттіліктің орнауына және қанағатшыл орта таптың үлкен шоғыры қалыптасуына әсер етеді», — деді.

Кездесу барысында Шымкент қалалық қоғамдық кеңесінің мүшесі Тахирбек Нышанбаев та Жолдау жайлы ойларын ортаға салып, кәсіпорын қызметкерлерінің сұрақтарына жауап берді.

Аймақта орналасқан «АГФ групп» өндірістік компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің тігін фабрикасында жұмысшылардың қатысуымен де түсіндіру жөніндегі кездесу өтті.

—Жолдауда халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған көптеген міндеттер айқындалды. Өз мамандығым дәрігер болғандықтан, денсаулық сақтау саласына қатысты жаңалықтарға ерекше назар аудардым. Отандық медицинаның орнықты дамып келе жатқанын Шымкент қаласынан-ақ байқауға болады. Осыдан 5-6 жыл бұрын қалада 10 емхана халыққа қызмет көрсетсе, қазір емханалардың саны 42-ге жетіп отыр. Дәрігерлерге түсетін жүктеменің азаюы — медициналық қызметтің сапасының жақсаруына себеп болуда. Сақтандыру жүйесі енгізілгелі бері медициналық қызметтің көптеген түрлерін тегін пайдаланып келеміз. Президент Жолдауда Үкіметке отандық медицинаны қаржыландыру жүйесін одан әрі жетілдіру жөнінде тапсырма берді. Бұл халықтың денсаулығын сақтауға оң ықпал ететіні сөзсіз, — деді Шымкент қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі Тахирбек Нышанбаев.

Айта кетейік, кездесуге Шымкент университетінің кафедра меңгерушісі, экономика ғылымдарының кандидаты, доцент Қуатбек Қалықұлов та қатысып, жұмысшылардың сауалдарына жауап берді.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру мақсатында «Достық үйі» ғимаратында да өткен аптада жиын өтті. Оған «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының Атқарушы хатшысының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов, «Дустлик» қауымдастығының төрағасы, Икрамжан Хашимжанов, қалалық мәслихаттың депутаты Нұрғазы Бұхарбаев, «Оқушылар сарайы» мекемесінің директоры Бақытжан Мұстафаев және зиялы қауым өкілдері қатысты.
–Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас Ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауы Жаңа Қазақстанды дамытуға, оның ішіндегі әлеуметтік-экономикалық салаларды нығайтуға, халықтың әл-ауқатын арттыратын және саяси трансформацияны жүзеге асыруға жаңаша бағыт болды. Президентіміз шикізаттық мемлекеттен өндірістік деңгейге өту қажет екенін айтты. Сарапшылар тауарды шикізат күйінде нарыққа шығарғаннан, қайта өңдеп дайын өнімді саудалағанда келтіретін пайдасы 70 пайыздан жоғары екенін айтуда. Оған мысал ретінде Белоруссия елін алып қарасақ. Орман алқаптарынан шығатын ағашты шикізат күйінде емес, жиһаз жасап, экспорттады. Нәтижесінде, Белоруссия жиһаздың отанына айналып қана қоймай, елдің экономикасына орасан пайда келтірді. Қазақстанның да өндірістік елге айналуға әлеуеті өте жоғары,–деді Мұратәлі Қалмұратов.

Маусым айында елімізде конституцияға бірқатар өзгерістер енгізу мақсатында жалпыхалықтық референдум өтті. Икрамжан Хашимжановтың сөзінше, референдумның игілігі Президент Жолдауында айқын көрініс тапты.

–Бүгінде біз үлкен саяси реформалардың алдында тұрмыз. Биыл халық ҚР конституциясының 33 бабына 56 өзгеріс пен толықтырулар енгізуге дауыс берді. Міне, алғаш болып Мемлекет басшысының Жолдауында өзгерістер айқын көрініп, оның барлығы халықтың әлеуметтік жағдайын көтеруге, орта және шағын бизнесті дамытуға, өскелең ұрпақтың денсаулығы мен сапалы білім алуға бағытталған. Еліміздің адами капиталы мол болса, кәсіпкерлігі дамып тұрса, салық төлеуден жалтармайды, — деді И.Хашимжанов.

Жалпы ел Президенті Президент еліміздің саяси өмірінің барлық дерлік саласын қамтыды. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы қоғамда көп жылдар бойы жинақталған үмітті айтарлықтай дәрежеде көрсетіп, Қазақстан халқының болашаққа деген үлкен оптимизмін тудырғаны сөзсіз. Ал Қасым-Жомарт Тоқаевтың басшылығымен ел дамуының таяу жылдарға арналған барлық басымды міндеттері сәтті жүзеге асатынына біз күмән келтірмейміз.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

ЖАС ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ СУПЕРЛИГАСЫ

Айғақ медиа
27.12.2025
0

Балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізу, бұқаралық спортты дамыту – бүгінгі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта “Милан” балалар...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

АЗЫҚ-ТҮЛІК БАҒАСЫ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Үшінші мегополисте инфляцияны тежеу мақсатында азық-түлік бағасы ырықтандырылды .Қала әкімдігі мен кәсіпкерлер арасында 100-ден астам меморандумға қол қойылып, әлеуметтік маңызы...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАНДАРҒА АРНАЛҒАН ИННОВАЦИЯЛЫҚ ЖОБА

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Сал ауруымен ауыратын балалар үшін жаңа мүмкіндік . Shymkent hub орталығында Startup Orda бағдарламасының қатысушылары өздігінен жүретін интерактивті арба жасап...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

СПОРТШЫЛАР ЖЕҢІСПЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Абу-Дабиде өткен “WAKO 2025” әлем чемпионатында шымкенттік спортшылар ел намысын абыроймен қорғады. 85 елден жиналған 1600-ден аса қатысушы арасынан біздің...

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ЕЛ ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Қазақ күресінен ересектер арасында ел чемпионаты басталды. Дүбірлі додаға еліміздің 20 өңірінен келген білекті балуандар жиналып, боз кілемде бақ сынауда....

МӘСЛИХАТТЫҢ 30-ШЫ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ДӘРІ-ДӘРМЕКПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ТҰРАҚТЫ ЖҮРГІЗІЛЕДІ

Айғақ медиа
22.12.2025
0

Шымкент қаласындағы медициналық ұйымдарда амбулаториялық деңгейде тегін рецептпен халықты қамтамасыз ету үшін 15 млрд теңгеден астам дәрілік қор бар, бұл...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.