Балалар жылына орай Шымкентте алғаш рет Ерекше балаларға арналған күзгі шығармашылық фестиваль қолға алынды. Бұл шара ерекше балалармен жасөспірімдерді әлеуметтік ортаға бейімдеу және олардың шығармашылық қабілеттері мен құлшыныстарын қолдау үшін ұйымдастырылды. Бүгінгі жиынға Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанда арнайы қатысып, балалардың қолынан шыққан туындыларды жоғары бағалады. Ол өз сөзінде Әкімдік тарапынан балаларды қолдауға барлық шаралар көріліп, жүзеге асу үстінде екенін жеткізді.

Шыңғыс Мұқан. Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары.
бүгінгі жиынға үшінші мегаполистегі юарлық оңалту орталығы мен арнайы колледждерден балалар мен жасөспірімдер шақыртылған. олар мерекелік шараға белсене қатысып, өздерінің өнерлерін ортаға салды. Айта кетейік бүгінгі жиынға бірқатар оқу орындарыда демеуші ретінде өз үлестерін қосқан.









