Шымкент қаласы мәслихатының кезекті жиырма бірініші сессиясында депутаттар шаһар аумағында жануарларды асырау және оларды серуендетудің қағидаларын бекітті.
Сонымен бірге «2022-2024 жылдарға арналған Шымкент қаласының бюджеті туралы» мәслихат шешіміне бірқатар өзгерістер енгізді. Сессияның күн тәртібіне ұсынылған 21 мәселенің алғашқысы 4 аудан әкімдерінің оған жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі тыңдалды.
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары М.Исахов пен 26 депутат қатысқан сессия барысында 21 мәселе қаралды. Алдымен экономика және бюджетті жоспарлау басқармасының басшысы Ерлан Есқараев шаһардағы жолаушылар тасымалдау бағыттарын субсидиялауға 5,7 млрд, Оқушылар сарайының құрылыс жұмыстарына 500 млн қаржы қаралғаны жөнінде және қала қазынасындағы қаражаттың
581 млрд теңгеден 583 млрд артып отырғанын жеткізді.
Ал екінші мәселе бойынша Шымкенттегі Абай, Әл-Фараби, Еңбекші мен Қаратау аудандары әкімдерінің атқарылған жұмыстары баяндалды. Алдымен Абай ауданының ьасшысы Пармановтың мәліметінше, 34 елді мекеннің 33-і сапалы ауызсумен қамтылып, Ал, электр жарығы 31 елді мекенде толық жүргізілген. Жыл соңына дейін Абай ауданына қарасты елді мекендерді 100 пайыз ауыз сумен және электр жарығымен қамту көзделіп отыр.
Қалған 3 ауданда да Дәл осындай жасалған жұмыстарды баяндаған әкімдердің жұмысына депутаттар өз бағасын берді. Ал, Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков саланы дамыту жоспарымен таныстырды. Бүгінде 13 мемлекеттік емхана 600 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетсе, 31 жекеменшік емханада 507 мың тіркелген. Алайда, 2025 жылға дейін қалаға 6 емхана керектігі қарастылағн Бұл емханалардың құрылысына инвестиция тарту жұмыстары жүргізілуде. Қаланың бас дәрігері республикалық бюджет есебінен 2025 жылға дейін 200 төсек-орынды перзентхана салу мәселесін де атап өтті.
Сонымен қатар, депутаттар Шымкент қаласының аумағында жануарларды асырау жән серуендетудің қағидаларын бекітті. Шымкентте жалпы саны 120 мыңнан астам ит пен мысық тіркелген. Ал соның ішінде дала кезген үй жануарланын кез келген ауладан көруге болады. Шаһарда осындай төрт аяқтыларды анықтаумен ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы айналысуда.
Сондай-ақ, «Шымкент қаласы бойынша жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы мәслихат хатшысы Нарымбетов қала әкімінің орынбасарына өз ұсыныстарын жеткізді.
Сессияда депутаттар тарапынан баяндамашыларға бірқатар сауалдар жолданып, қаралған мәселелер бір ауыздан қабылданды.









