Тарихи сәт. А.Асқаров атындағы денросаябақта тарихы жарты ғасырға жуықтаған ағаштар жаңартылды, деп хабарлайды «Айғақ» ақпараттық порталы. Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Дінмұхаммед Қонаев пен екі мәрте социалистік еңбек ері атағын алған Ыбырай Жақаевтың кезінде дендросаябақтың көгеруіне қосқан үлестері көп. Өкініштісі сол ол кісілердің ағаштарына құрт түсіп, жапырақтары қурап, сұрықсыз күйге енген. Оны ескерген саябақ басшылығы қураған ағашты ауыстыруға шешім қабылдаған. Қабылданған шешім оң болып қуранған ағаштардың орнына шынар ағашы отырғызылды. Бүгінгі таңда қураған ағаштар кесіліп, саябақтың тазалығы жүйелі бақылауға алынған. Соның дәлелі бүгінгі шара. 
МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІҢ САПАСЫ АРТЫП, ЖОҒАРЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ЕМДЕУ ӘДІСТЕРІ ЕНГІЗІЛУДЕ
Шымкент қаласында денсаулық сақтау саласын дамыту, медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, тұрғындардың өмір сүру ұзақтығын ұлғайту бағытында жүйелі жұмыстар...










