Көліктерді жанармай бекетінде ұзын — сонар кезекте тәуліктеп тұрған күттірген, дизель отыны расымен тапшы ма? Немесе тұтынушыға мемлекеттің бекіткен бағасымен келіспеген кәсіпкерлердің тірлігі ме? Нарықтағы дизель отынының бағасын реттеу бойынша шаһардың кәсіпкерлер палатасында басқосу өтті. Қауымдастықтың мәліметінше, жанар-жағар май бағасының кезекті көтерілуі нәтижесінде мәселе күрделенген.
Қауымдастықтың мәліметінше, бүгінгі күні ішкі нарықта мұнай өнімдерінің тапшылығымен шиеленіскен жағдай дағдарысты белгіге жетті, соның салдарынан қаланың орта және шағын автожанармай құю станцияларында дизель отынына тапшылық орын алуда, соның салдарынан автожанармай станциялары (АЖС) банкротқа ұшырау қауыпы бар.
Тапшылықтың себебі — ЖЖМ нарығындағы жосықсыз бәсекелестік. Қауымдастықтың мәліметінше, жанар-жағар май бағасының кезекті көтерілуі нәтижесінде мәселенің күрделенуі орын алуда.
Нарықтың барлық қатысушылары тең болған кезде бәсекелестік құру және бағаны табиғи реттеуге кепілдік беріледі. Бұл шара бастапқы кезеңде мұнай өнімінің бағасын айқын анықтауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің ағымдағы жылғы 21 тамыздағы №278 бұйрығымен дизель отынына шекті бағалар – литріне 450 теңге, Қазақстан Республикасы берген жүргізуші куәлігінің ұсынымы кезінде тәулігіне 100 литрге дейін, жүк көліктеріне 230 теңгеден 300 литрге дейін белгіленді.
Бұл ретте АЖС-ға одан әрі салық салу мәселесі туындайды, есептілікті тапсыру кезінде есеп жүргізуде түсініксіздіктер бар.
Кәсіпкер сату бағасы бойынша дәлелдемелік базаны қалай ұсынатын болады, сондай-ақ шетелдік жүк көлігін 450 тг бағасымен толтыру кезінде АЖС техникалық паспорттың көшірмесін сұратуға құқылы емес, жүргізуші оны тек көзбен көру үшін ұсына алады.
Көрсетілген түсініксіздіктер және нормативтік құқықтық актілерді әр түрлі түсіну оларды қолдану тәжірибесінде қайшылық тудырады.
Қалыптасқан жағдай кейіннен бизнес субъектілерін түрлі тексерулер үшін, оларды бақылаушы органдар тарапынан негізсіз қудалау орбитасына тартуға себептер туғызуы мүмкін.









