Шымкенттік 210-ға жуық дәрігер шетелге барып білімін арттырған. Оған жергілікті бюджеттен 34 млн теңгеге жуық қаржы бөлінген.Бұл жайында қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрлыбек Асылбеков баспасөз брифингінде мәлімдеді. Оның айтуынша мамандар Ресей, Беларусь мемлекеттерінде тәлім алған.










