Шымкент қаласы халқының саны жылдан жылға ұлғаюына байланысты қауіпсіздік мәселесі де бірінші орында болуы қажет. Сондықтан да өрт сөндіру қызметкерлеріне жаңа ғимарат салынуы заңдылық.
Шымкенттегі әкімшілік-іскерлік орталығында 4 автомобильге арналған өрт сөндіру депосы мен қосымша ғимарат құрылыс жұмыстары жалғасуда.
Жер телімінің жалпы ауданы 1,2 га.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов нысанға арнайы барып, жұмыс барысын тексерді. Тиісті басқарма мен мердігер мекеме басшыларына сапаны қадағалай отырып, ғимараттың мерзімінен кешіктірілмей берілуін тапсырды.
Құрылыс жұмыстары биыл басталған болатын. Жоспарға сәйкес ғимарат құрылысы келесі жылы аяқталып, пайдалануға беріледі.











