Ата Заңның айбыны Абай ауданында асқақтады. Барша Заңның басы болған Конституция күні қарсаңында ертеңгі елдің тірегі балаларды қуанышқа бөлеп, мектепке қажетті құралдарды табыстады. Сондай-ақ, жасөспірімдер арасындағы теннис турнирінің арнайы ашылу салтанаты өтті. Шараның шымылдығын түріп, басты мерекенің бірімен аудан әкімі Бұхарбай Парманов құттықтады.
Ел көлемінде тойланатын ресми мерекені Абай ауданы балалармен байланыстырды. Атаулы балалар жылы қарсаңында жасөспірімдер арасында теннистен турнир ұйымдастырып, оқу жылының басында ата-анаға демеу болды. Абай ауданы ббойынша әлеуметтік көмек алатын отбасылардың саны 4 мыңға жуық. Жауаптылардың сөзінше осы кезге дейін 75 отбасыға көмек көрсетілген.









