• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қазан 28, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Жаңалықтар

«БАЛ ТЕКСТИЛЬ» КОМПАНИЯСЫ ТӨРТІНШІ КЕЗЕҢІН ІСКЕ ҚОСТЫ

12.08.2022
0

Қала әкімі М.Әйтенов «Оңтүстік» АЭА-да орналасқан бірнеше жеңіл өнеркәсіп орындарының жұмысымен танысты. Кез келген мемлекеттің немесе аймақтың бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын басты көрсеткіш – елдің экономикасы. Ал экономиканың бәсекеге қабілетті болуының басты бағыты – индустриалды-инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыта отырып, инновациялық процестерге бет бұру.

Шымкенттегі «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы Қазақстан бойынша өзін-өзі ақтаған ең алғашқы орталық болды. Кәсіпорындарды бір аумаққа шоғырландырған аймақтың басты мақсаты – кәсіпкерлерге қолдау көрсете отырып, қаланың экономикасын дамыту. Инфрақұрылымды дамытудың басты факторына айналған аймақта бүгінде жалпы инвестиция құны 42.9 млрд теңгені құрайтын 25 жоба іске асырылды. Нәтижесінде 2179 адам жұмыс орнымен қамтамасыз етіліп отыр. 2010 жылдан бастап қазіргі күнге дейін арнайы экономикалық аймаққа қатысушы кәсіпорындар өндірген өнім әлемнің 22 мемлекетіне экспортталды. Сондай-ақ, 2025 жылға дейін 22 жоба іске асырылып, 2046 жұмыс орындарын ашу көзделуде. Қазіргі таңда мұнда өндірісін өркендетіп отырған кәсіпорынның бірі Бал текстиль кілем фабрикасы. Алғашқы қазақстандық фабриканың іргетасы 2012 жылы құрылды. Бастапқыда 4 кезеңмен дамытуды мақсат тұтқан кәсіпорында бүгінде өзінің 4-ші жаңа жобасын іске қосып, өнім қуаттылығын арттыруда. Құны — 2,5 млрд.теңге болатын жоба жылына 1,4 млн шаршы метр өнім шығаруға қауқарлы. Фабрика өндірісі жыл соңында толығымен іске қосылғанда 90 адам жұмыспен қамтылатын болса, өнімнің 70 пайызы ішкі, 30 пайызы сыртқы нарыққа шығарылады. Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталған, техникалар толықтырылуда. 2014 жылы Президенттің өзі арнайы барып, ақ батасын берген өндіріс ошағы бүгінде керегесін кеңейтуде.

Жіп өндіретін шикізатты Түркия және Иран елдерінен алдыртып жоғары сапалы жіп өндіруден бастап дүкен сөресіне дейінгі жұмыстарды атқаратын кілем фабрикасының өніміне тек қана республика ғана емес,  шетелдіктердің де сұранысы жоғары. Үш үлкен бокстан тұратын фабриканың бірінші бөлігінде үш өңдеуден өтетін полипропиленнен жіп иіру станогы орнатылған. Жылдық қуаттылығы  4 мың тонна. Екінші бөлімі кілем тоқу цехы. Жылдық өндірістік қуаты 5 млн  шаршы метр. Онан соң сан түрлі оюмен безендірілген кілемдер соңғы желімдеу және өңдеуден өтіп көздің жауын алатындай дайын күйге енеді. Соңынан тиісті орындарға жіберу процесінен тұрады.

«Bal Tekstil» кілем фабрикасы еліміздің жеңіл өнеркәсібі көшбасшысы болып танылған. Фабриканың өндірістік қуаты жылына 4000 тонна полипропилен жібін және 5 млн шаршы метрден астам кілем мен кілем бұйымдарын құрайды. Кәсіпорын 2013 жылы «Оңтүстік» АЭА аумағында өз өнімін шығара бастады. 2015 жылдың екінші жартысынан бастап «Бал Текстиль» экспорттық нарықтарды игере бастады. Тәуелсіздік жылдарындағы кәсіпкерлікке жасалынып отырған көмекті алған Орталық Азиядағы ең ірі кілем фабрикасының шетелдің нарығында да сұранысқа ие болып отыр. 2020 жылы Қазақстанда жасалған кілемдерге әлемге әйгілі IKEA компаниясы назар аударды. Бұл Швед брендінің мерзімсіз келісімшарт жасасқан Қазақстанның алғашқы кәсіпорны. Дәл осы жылы  «Бал текстиль» кілем зауыты жанынан «Бал декор» принт кілемдері мен кілемшелерін өндіретін зауыт ашылған болатын. Кілемшелер заманауи үлгіде тоқылуда. Еденде таймайды, кір жуатын машинада жууға болады.Зауыт Түркиядан әкелінген технологиямен жабдықталған. 120  млн теңгені құрайтын жобаның өндіріс қуаттылығы жылына 400  мың шаршы метр кілемше. Мекеме 14  адамды жұмыспен қамтыған болса, өнімі ішкі нарықта саудаланумен бірге, Өзбекстан,  Ресей,  Тәжікстан елдеріне экспортталуда.

Жұмысы жолға қойылған фабрика қалдықсыз жұмыс жасауға бағытталған. Яғни, түсі сәннен қалған жіптерді ысырап етпей мини цех арқылы күнделікті тұрмысқа қажетті арқан есіп, шашақты және кесінделген жолақтарды тоқып  шығаруды қолға алған. Өндірісін өркендетуді көздеген кәсіпкер өрісін кеңейтіп, экспорт көлемін арттыруды мақсат тұтып отыр.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚЫЗ БОЙЫНДАҒЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

ҚЫЗ БОЙЫНДАҒЫ ҚҰНДЫЛЫҚ

Айғақ медиа
27.10.2026
0

Тәрбиелі қыз – өнегелі ұрпақтың, тұтас ұлттың жарқын болашағы. Осы бағытта Шымкентте ұлттық құндылықтар мен ана өнегесін дәріптеген «Қыз тәрбиесі...

КӨКСАЙДАҒЫ ЖЕТІ ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРГЕ КӨШТІ

КӨКСАЙДАҒЫ ЖЕТІ ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРГЕ КӨШТІ

Айғақ медиа
26.10.2026
0

Шымкентте Көксай шағынауданындағы тозығы жеткен үйлердің тұрғындары жаңа баспанаға көшті. Республика күні қарсаңында Нұрлыбаев көшесіндегі №22 үйде тұрған жеті отбасы...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ТҰРҒЫН АЛАПТАҒЫ АЛҒАШҚЫ МАРАФОН

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте «Бір қадам – бір мақсат» атты марафон өтті. Спорттық шараға 500-ге жуық адам қатысып, салауатты өмір салтын қолдауға бір...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

ӘЛЕМДІК ДОДАДАН ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Әлемдік аренадан олжалы оралған палуанды Шымкентте салтанатты түрде қарсы алды. Грек-рим күресінен U23 санатындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Джохар Узаров...

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

БОЛАШАҚ ИНЖЕНЕРЛЕР БӘСЕКЕСІ

Айғақ медиа
21.10.2026
0

Шымкентте жас өнертапқыштар өзара бақ сынап, робототехника әлеміндегі шеберліктерін көрсетті. ROBOPARK LIGA XIII республикалық жарысына еліміздің әр өңірінен 50-ден астам...

ЖОЛАЙРЫҚ: КӨЛІК ҚОЗҒАЛЫСЫНА ҚОЛАЙЛЫ ЖАҒДАЙ

СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ӘЛЕУЕТІ АРТЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
20.10.2026
0

Бұқаралық спортты дамыту мен салауатты өмір салтын қалыптастыру – қаланың әлеуметтік саясатының маңызды бағыты. Мемлекет басшысының тапсырмаларын іске асыру аясында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.