• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жұма, Шілде 4, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА КӘСІПКЕРЛЕРГЕ 90 МЛРД. ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛДІ

05.08.2022
0

 

    Бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс кәсіпкерлерімен кездесті. Кездесуде бизнес өкілдерінің ұсыныстары мен пікірлері, өтініштері тыңдалды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.  Жиынға «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасының 1-ші орынбасары Мақсат Қиқымов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қайнар Абасов және өңірлік кеңес мүшелері, аудандық кәсіпкерлер кеңесі мүшелері, Түркістан облысы мәслихатының депутаттары, мемлекеттік органдармен қаржы институт басшылары және кәсіпкерлер қатысты. Өңір басшысы Түркістан облысында шағын кәсіпкерліктің әлеуеті жоғары екеніне тоқталды.

 

 

    – Түркістан облысында халық саны көбейіп келеді. Ол – қуанышты жағдай. Енді сол елге қажетті жұмыс орындарын, өндіріс орындарын көбейту – уақыт талабы. Түркістан өңірінің тұрғындары қашан да кәсіпкерлікке бейім болған. Кәсіпкерлік субъектілері саны жөнінен облысымыз Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласынан кейін үшінші орында тұр. Кәсіпкерлер саны жылдың өзінде 10 мыңға өсіп, 155 мыңға жетті. Сондықтан біз кәсіпкерлікке үлкен маңыз беріп, «Қарапайым заттар экономикасы» мен «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламасы арқылы қолдау көрсетіп отырмыз. Түркістандағы құрылыстарды да жергілікі кәсіпкерлер атқарып жатыр. Кәсіпкер болу – өте қиын. Ол үшін экономика, заң, бухгалтериядан білім болуы керек. Ұйымдастырушылық шеберлігі жоғары және тәуекелге бара алатын азаматтар ғана мықты кәсіпкер бола алады, – деді Өмірзақ Шөкеев.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының директоры Тимур Нақыпбеков кәсіпкерлер палатасы атқарып жатқан іс-шаралар туралы баяндады. Оның айтуынша, Түркістан қаласында екінші деңгейлі банктердің толыққанды филиалдарының жоқ еді. Бұл мәселе Ұлттық банк тарапынан қолдау тауып, «Халықбанк», «Фортебанк», «Жусанбанк», «БанкЦентрКредит», «Сбербанк» филиалдары ашылды. Статистикаға жүгінетін болсақ, облыстағы 160 мыңға жуық кәсіпкердің 52 пайызы ауыл шаруашылығы саласында қызметтерін атқаруда. Биыл Кәсіпкерлер палатасы кәсіпкерлерге 9 мыңнан астам ақпараттық қамтамасыз ету қызметін және 1 мыңнан астам сервистік қолдау қызметтерін көрсеткен. «Атамекен-Түркістан» МҚҰ қазіргі таңда 226 жобаны 1,8 млрд. теңгеге қаржыландырған.

 

 


Кездесудің күн тәртібінде колледждерді сенімгерлік басқаруға беру, Түркістан индустриялық аймағында орналасқан кәсіпорындардың проблемалық мәселелері, Түркістан қаласында қолөнершілер орталығын ашу және өзге де мәселелер талқыланды. Жеңілдетілген несие, субсидия түйткілдері де тарқатылды. Кәсіпкерлер еркін форматта көкейде жүрген сұрақтарын қойып, ол ұсыныстар хаттамаға енгізілді.
Осы күні Түркістанда «Кәсіпкерлік қырандары» жобасының ІІІ кезеңі өтті. Бизнесті бизнеске қолдау көрсетуге шақыратын маңызды іс-шараға облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев пен кәсіпкерлер, менторлар, жоба авторлары қатысты. Өңір басшысы бұл жобаның кәсіпкерге берері көп екенін айтып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
— Бүгін сіздермен қайта қауышып, «Кәсіпкерлік Қырандары» жобасының кезекті маусымын өткізгелі отырмыз.
Жобаның ерекшелігі — «Кәсіпкерлік Қырандары» арқылы ірі бизнес өкілдері капиталы жоқ, бірақ бизнес идеясы бар, кәсіпкерлікке жаңа қадам басқан азаматтарға қолдау көрсетеді.


Бүгінде «Кәсіпкерлік Қырандары» бойынша қолдау алған стартап жобалар (16 жоба 44 млн. теңге) өз кәсіптерін дөңгелетіп, өнімдерін өндіріп жатыр.
Әрине кәсіпкерлерді қолдау Мемлекет басшысының, Үкіметтің ұдайы назарында тұрған мәселе. Бизнесті қолдауға бағытталған кең көлемдегі бағдарламалар осының дәлелі. «Қарапайым заттар экономикасы», «Бизнестің жол картасы 2025» бағдарламалары облыс кәсіпкерлерімен жақсы қолданылуда.
«Қарапайым заттар экономикасы» арқылы кәсіпкерлер
47 млрд. теңгеге жеңілдетілген 6%-бен несиеленген болса, «Бизнестің жол картасы 2025» арқылы жыл соңына дейін 40 млрд. теңгеге несиелеу күтілуде. Жаңадан бизнесті бастау, жобаны қаржыландыруда жобаның маңызы зор.         Сондықтан ізбасар буынға жасап жатқан қолдаулар үлкен құрметке лайық.«Кәсіпкерлік Қырандары» жобасы бірінші кезекте стартап жобалар үшін қажетті қаржылай қолдау болса, екенші кезекте қаржы салымын жасаған менторлар үшінде инвестиция көзі деп айтуға болады. Яғни, екі жаққа да ұтымды инвестиция. «Кәсіпкерлік Қырандары» жобасына қолдау көрсеткен менторларға алғысымды айтқым келеді. Сіздер өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жатырсыздар, — деді ол.

     Жобаның осы кезеңіне «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасының бірінші орынбасары Мақсат Қиқымов пен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қайнар Абасов та қатысты.
Айта кетейік, «Кәсіпкерлік қырандары» – бірегей жоба. Ол Түркістан облысында шағын бизнесті қолдау үшін іске қосылған. Жобаны Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы мен облыс әкімдігі жүзеге асырып отыр. Мақсаты – өңірдегі ірі, орта кәсіпкерлер микробизнесті, стартаперлерді қолдайды. «Бастау Бизнес» түлектеріне инвестиция сала отырып, қаржылау қолдау көрсетеді, ментор болады. Ментор жобаны сүйемелдейді.
«Кәсіпкерлік Қырандары» жобасының үшінші кезеңінде 7 жоба ұсынылып, талқыланды. Олар: Медициналық қалдықтарды жоятын цех; Жарқыраған тратуарлық жол плиткаларын шығаратын цех; «Тармақтар» кітабы; Қолдан ұрықтандыру және ветеринарлық станция; Ғарыштық байланыс және спутниктік робототехника кешені; «Eco-Protect» дөңгелектерді қайта өңдеу жобасы және мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті әмбебап монша салу бастамасы ұсынылды.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

АНТРОПОЛОГ О.СМАҒҰЛҰЛЫНЫҢ «АБЫЛАЙ ХАНЫНА» РЕПРЕССИЯ ЖАСАЛҒАН ЖОҚ ПА?

Айғақ медиа
03.07.2025
0

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ Қ.К. ТОҚАЕВҚА АШЫҚ ХАТ АСА МӘРТЕБЕЛІ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ! Адамзат тарихында озық ойлы, ғылыми жаңалығы үшін қудалауға ұшыраған...

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

ЖЕКЕМЕНШІК ТАЛДАУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ БАҒАСЫ ТЕКСЕРІЛМЕЙДІ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкенттегі жекеменшік зертханалардың бағасы тексерілмейді. Баға саясаты әр мекеменің ішкі тәртібі мен нарық жағдайына байланысты қалыптасады. Бәсекелестікті қорғау және дамыту...

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

ЭНДЕМИЯЛЫҚ АЙМАҚ

Айғақ медиа
03.07.2025
0

Шымкент – аса қауіпті жұқпалы аурулар бойынша эндемиялық аймақтардың қатарында. Өткен жылдың дерегі бойынша қаладағы 11 елді мекен бұл тізімге...

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА СУДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛДІ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Жаз мезгілінде шомылу маусымының қызуына байланысты су айдындарында қауіпсіздік мәселесі күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың біріне айналып отыр. Осыған орай, Шымкент...

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

ПОЛИЦЕЙЛЕР БАЛАЛАРМЕН БҰҚАРАЛЫҚ ЖҮГІРУ ҰЙЫМДАСТЫРДЫ

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкент қаласында Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай профилактикалық іс-шаралар өтті, — деп хабарлайды Polisia.kz. Шымкент...

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

“ТАЗА ӨМІР – СЕНІҢ ТАҢДАУЫҢ”

Айғақ медиа
02.07.2025
0

Шымкентте Халықаралық нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай жастарға арналған концерт ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Polisia.kz. Іс-шара...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.