Баспана мәселесі- әр адам үшін маңызды. Шымкентте тұрғын үйге жалпы 48 мыңнан астам адам кезекте тұр. Баршаны алаңдатқан баспана мәселесі оң шешімін табуда. “Тұран” және “Нұрсат” шағын аудандарда орналасқан су жаңа 90 пәтердің 37-і көп балалы отбасыға, 36-ы халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топ өкілдеріне, 17-і жетім және ата-ана қамқорлығынан тыс қалған балаларға табысталуда. Қоныстанушыларға баспана кілтін тапсыруға қала әкімінің орынбасары мен мәслихат хатшысы келді.
“Көп балалы аналардың жағдайы- әлеуметтік саланың барометрі”. Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан түрлі бағдарламалар қазақстандықтардың баспана және жұмыспен қамтылуына бағытталған. Болып жатқан қоныс тойы – соның айғағы.Көпқабатты үйлердің пәтерлері “Нұрлы жер» бағдарламасы аясында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға сатып алу құқығынсыз берілді. 1 айлық қаражаты 6000 мен 10.000 арасын құрайды.
Биыл қаламызда тұрғын үй сертификаты үшін жергілікті бюджеттен 500 млн теңге қаржы қаралып отыр. Айта кетейік, жыл басынан бері сәуір-мамыр айларында 83 отбасыға пәтер кілті табысталған болатын.