ЖӨНСІЗ ҚОЙЫЛҒАН ЖОЛ КЕДЕРГІЛЕРІ
Қоғамдық кеңес отырысы бұл жолы өткір сұрақтар мен өзекті мәселелерге толы болды. Жол қауіпсіздігі сынға алынып, рұқсатсыз орнатылған жол кедергісінің...
Түркі елінің рухани астанасы – Түркістанда мемлекет қайраткерлері, депутаттар мен зиялы қауым өкілдері бас қосып, көне шаһардың көрнекті жерлерін аралады, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
«Мен өзім Кентауда өстім. Ол кездегі Түркістан мен қазіргі шаһардың айырмашылығы көп. Көркейіп, мүлдем өзгеріп кеткен. Бүкіл мұсылман қауымы үшін екінші Мекке саналатын киелі Түркістан қаласы енді туристік бағытта дамиды. Жаңадан ашылған нысандар соның бастамасы. Сонымен қатар, бұл қасиетті мекенде қаншама ұлыларымыздың, хандар мен билеріміздің сүйегі жатыр. Түркістан ескерткіштер қаласы болуы керек. Әбу-Насыр әл Фарабиден бастап барлық тұлғаларымыз бір-бірін толықтырып, жалғастырып тұруы тиіс», — деді Қазақстан халық әртісі, мемлекет және қоғам қайраткері Асанәлі Әшімов.
Түрленген Түркістан қаласының жаңа келбетімен танысқан делегация рухани астанадағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне барып, Бабалар рухына құран бағыштап, елдің амандығы үшін дұға жасады. Ары қарай жаңарған шаһардың бүгінгі келбетін тамашалады. Шаһардың әкімшілік-іскерлік орталығындағы Н.Назарбаев алаңына қойылған «Ұлы Даланың Ұлы» атты Елбасы ескерткішінің ашылу рәсіміне қатысты.
«Ең ұлысы, мен ойлаймын, ол – тарих. Сол тарихтағы адамның алатын орны. Ол тұрғыдан келгенде де біздің Елбасының алатын орны, жалпы Қазақстан үшін жасаған жаңалықтары, соның барлығы тарихта жазылып тұр. Сондықтан, біз мұны жай ғана ескерткіш деп қарауға болмайды. Мұны біз шын мәнінде, әділеттіліктің, сабақтастықтың және алға өрлеудің алғы шарты деп қарауымыз керек», – деді Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай.
Ескерткіш еліміздің Тұңғыш Президенті — Елбасы Н.Назарбаевтың егіс алқабында түскен фотосуретіне қарап жасалған. Мүсіннің композициясында «Ұлы Даланың Ұлы» атты Елбасы ескерткішінде қарт Қаратаудың сұлбасы бейнеленген. Автор Елбасының Қаратау жазығында шексіз далаға байыппен қараған сәтін суреттеген. Елбасына ескерткіш қою туралы бастаманы жергілікті кәсіпкер Болатбек Алиев көтеріп, аталған идеяға түркістандық ардагер-ақсақалдар, зиялы қауым өкілдері, мәслихат депутаттары мен кәсіпкерлер, қоғамдық ұйым өкілдері қолдау білдірді. Облыс әкіміне үндеу жазған тұрғындардың өтініш-тілектері Орталық мемлекеттік органдар келісімімен жүзеге асты.Қоғамдық кеңес отырысы бұл жолы өткір сұрақтар мен өзекті мәселелерге толы болды. Жол қауіпсіздігі сынға алынып, рұқсатсыз орнатылған жол кедергісінің...
2025 жылы қала бюджеті бірнеше рет нақтыланып, жалпы көлемі 891,5млрд теңгеге жетті. Жыл қорытындысында түсімдер жоспары артығыменорындалғанымен, кейбір салаларда қаржы...
Жыл басынан бері Қаратау ауданындағы құрылыс жұмыстарына 4,2 млрдтеңге инфестиция тартылған. Бұл туралы қоғамдық кеңестің отырысында аудан әкімі айтты.Жиында Қаратау...
Алдағы оқу жылында Шымкенттегі колледждерге 6 мың грант бөлінбек. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының студенттеріне әкімдіктің қолдауымен 1 млрд теңгеге...
Шымкентте жасөспірімдердің психологиялық жағдайымен айналысатын арнайы орталық жұмыс істейді. 2025 жылы құрылған мекеменің негізгі міндеті – суицидтің алдын алу. Алайда,...
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.