«Қазақ хандығының 550 жылдығына» арналған «Айғақ» телеарнасының телеэкспедициясы өз жалғасын тапты. Тамыз айының бірінші онкүндігінде Қазақстанның алты бірдей облысын қамтыған бағдарламалар топтамасы енді еліміздің оңтүстік шығысы мен Шығыс Қазақстан өңірлеріне бағытталып отыр. Бейсенбінің таңында Шымкент қаласынан Таразға жолға шыққан түсірілім топ Жамбыл облысындағы Ойтал ауылына аялдады. Бұл елдімекен атақты ғалым Темірбек Қожекееевтің туып өскен жері. Сондай-ақ, қазақтың күні кеше мақтанышына айналған батыр ұлымыз ғарышкер Айдын Айымбетовтің кіндік қаны тамған Талдықорған қаласындағы Өтенай ауылынан бағдарлама дайындалады. Жазушы, ҚР мәдениет қайраткері Толымбек Әбдірайымның 60 жасқа толған мерейтойына арналған іс-шараға қатысып, кештен арнайы репортаж жүргізіледі. Шығыстағы бірегей ескерткіш Қаракерей Қабанбай батырдың тасмүсініне бару жоспарланып отырса, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған Қаратай баба атындағы ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысады. Жазушы Қалихан Ысқақтың 80 жылдығына арналған еске алу кешінен түсірілім жасалынбақ. Сондай-ақ, Тарбағатай ауданының әкімі жерлесіміз Ділдәбек Оразбаевпен сұхбат жүргізіледі. Бұл қағазға хатталып жазылған онкүндік жоспардың бір парасы ғана. Алдағы уақытта «Айғақ» телеарнасының көрермендерін ауқымды жоба мен тарихи танымдық бағдарлама күтіп тұр. Жоба аясындағы телеэкспедиция құрамында «Айғақ» Телерадиокомпаниясының басшысы Дулат Әбіш, жазушы Серік Жанәбіл, редактор журналист Бағлан Байкөбекқызы, журналист Ұлдархан Уәлиханқызы, аға телеоператор Ақжол Рахманқұлов пен телеоператор Айдар Есқұловтар бар.
ШЕКАРА ШЕБІ: ҚАУІПСІЗДІК КЕПІЛІ
Сарыағаш шекара жасағы - еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін алғаш ашылған шекара жасақтарының бірі болып табылады. Облыс республикамыздың оңтүстік шекарасын қорғауда...