• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Түркістан облысындағы шаруалар қиындыққа тап болуы мүмкін

26.02.2021
0

Биыл Түркістан облысындағы шаруалардың жағдайы тіптен қиын болмақ. Жермен жан баққан жұрт құрғақшылыққа тап болуы мүмкін. Өзекті мәселе ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Серік Қожаниязовтың қатысуымен өткен селекторлық жиында жан-жақты талқыланды. Одан бөлек ала жаздай атыз жағалағандар да каналдардың құрылысы сақалды құрылысқа айналғандықтан ағын суды тиісінше ала алмай қырғи қабақ болып отыр. Вице-министрдің айтуынша биыл жағдай айтарлықтай ауыр болмақ. Әсіресе салмақ шаруаларға түспек. Ал, статистикаға көз жүгіртсек, бұл жағдай әр 5-6 жыл сайын қайталануда. Салдарынан орақ науқаны ойдағыдай орындалмауы мүмкін. Дегенмен табиғи құбылысқа тосқауыл бар ма? Қолдан келері тек шаруаларды суды аз қажет ететін өнім түрлерін өндіруге шақыру дейді,- вице-министр.

Жиында сөз алған облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрбек Бадырақов Түркістан облысындағы су шаруашылығының жағдайын баяндады. Жалпы облыста суармалы жердің көлемі 486 мың га. Яғни республика бойынша 3/1 бөлігін құрайды. Сондай-ақ, аймақтағы ағын су тапшылығының алдын алуы үшін атқарылар жұмыстарды тізбектеп шықты.
Мақтаарал және Жетісай аудандарында 310 мың халық тұрады. Халықтың басты күнкөрісі ауыл шаруашылығы. Мұндағы суармалы егістіктің 40 пайызы орта және өте күшті тұзданған. Сол себептен егістіктің 60 пайыздан астамы тұзданған жерге төзімді мақта дақылдары егілуде. Тиісінше жыл сайын түрлі зиянкестер мен ауру түрлері көбеюде дейді басқарма басшысы. Мәселен өнім көлемі де төмендеп жатыр. Нәтижесінде аталған екі ауданның ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі облыс бойынша ең төменгі көрсеткішті құрап отыр. Өзекті мәселелер қатарында сақалды құрылысқа айналған каналдар жайы да айтылды. Атап айтқанда, Бөген қашыртқысының құрылыс жұмыстары аяқсыз қалған. Түркістан магистральды каналының да күйі осыған саяды. Одан бөлек, басқарма басшысы сөз барысында суды үнемдеуші технологияларды қолданатын шаруаларға басымдық беруді ұсынды. Тиісінше суды аз қажет ететін өнім түрлерін де арттыру көзделіп отыр.

Облыс аумағындағы кейбір аудандар әзірден-ақ су тапшылығынан зардап шегуде. Вице-министрдің қатысуымен өткен селекторлық жиынға онлайн форматта қосылған жауапты мамандар осылай деп дабыл қақты. Тіпті ағын суды былай қойғанда, ауыз сусыз отырған елдімекендер де бар. Ағын су тапшылығына «Казгидромет» мамандарының да айтары бар. Анық болғандай ағымдағы жылы жауған қар мен жауын-шашын тиісті мөлшерді қамти алмайды. Казгидромет мамандарының болжамы бойынша наурыз айында Түркістан облысының таулы аймақтарында жауын-шашын мөлшер шамасынан көп күтілуде. Алайда бұдан келіп кетер пайда жоқ дейді. Сонымен қатар, таудың ұшар басындағы қар көлемі өте аз. Сол себептен де биыл таудан келер ағын судан тапшылық туындауы мүмкін.
Жиынды қорытындылаған вице-министр Серік Қожаниязов сөз соңында биыл шаруалардың судан қиналатынын ашық айтып, ағын суды үнемдеуге шақырды.

Айғақ-ақпарат

Previous Post

ОТАНДЫҚ ӨНДІРІС ШИКІЗАТҚА ТӘУЕЛДІ

Next Post

Шенеуніктер суперкубокқа таласты

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.