ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА
Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...
Түркістан индустриалдық аймағында орналасқан «Түркістан Текстиль» тігін фабрикасының қуаттылығы айына 13-15 мың дана өнім өндіруге қауқарлы. Тігін цехына сапарлатқан облыс әкімі кәсіпорынның тынысымен танысып, атқарылған жұмыстарды саралап көрді. Сондай-ақ, импортқа деген тәуелділіктен арылып, отандық өндірісті барынша дамыту керектігін мәлімдеді.
Бұл фабриканың басқалардан ерекшелігі сол – сапасы жоғары, бағасы арзан. Ең бастысы әлеуметтік маңызды жоба. Облыс әкімінің орынбасары осылай дейді. Тағы да бір айта кетерлігі нарыққа тез бейімделіп, тұтынушылардың құбылмалы сұранысын ескере отырып, ассортименттің тез өзгеруіне бейімделген екен. Алайда өнім отандық болғанымен негізгі шикізат көзі шет елден тасымалдануда.
Көпбалалы және аз қамтылған отбасылардағы әйел азаматшаларды жұмыспен қамту мақсатында басталған әлеуметтік жоба ресми түрде 72 адамды жұмыспен қамтасыз етуде. Тігіншілерге қояр талап тек сапа, жылдамдық және жауапкершілік. Жас мөлшері шектелмеген. Ал жұмыс кестесі таңғы сағат 09:00-ден бастап кешкі 18:00-ге дейін. Айта кетерлік жайт мұнда мүмкіндігі шектеулі жандар да жұмыс істеп, еңбек етуде. Сандуғаш Құлымбетова соңғы 17 жыл бойы Түркістан қаласында тұрып келеді. Негізгі мамандығына бұл жұмыс сай келмесе де, әрекетке берекет деп іске кіріскен.
Сонымен қатар, мұнда теорияны өндіріспен ұштастыра оқыту бойынша Түркістан көпсалалы қолөнер колледжінің білім алушылары тәжірибе жинақтауда. Назерке Әбдікерім аталған білім мекемесінің 4 курс студенті. Жас маман мұндай мүмкіндік біз үшін үлкен көмек дейді.Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...
Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...
Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....
Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...
Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...
Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.