• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Шенеуніктер суперкубокқа таласты

26.02.2021
0

    Дені саудың жаны сау. Түркістан облысындағы мемлекеттік қызметшілер арасындағы спорт түрлерінен қысқы біріншілік өз мәресіне жетті. Ағымдағы жылдың қаңтар айында бастау алған бәйгеде облыс әкімдігінің басқармалары, аумақтық департаменттер, сондай-ақ, құқық қорғау органдары мен аудандық әкімдіктер бағын сынаған болатын. Ауқымды аламан додада оза шапқан жүйріктерге облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев «СУПЕРКУБОКТЫ» өз қолымен табыстады. Әдетте галстук тағып, мінберден сөз алатын шенеуніктер спорттық киімде жеңін түріп, жарысқа білек сыбана кірісіп кеткен. Өз командасына қолдау көрсетіп, тіпті жарыс шеңберінде әріптестерімен бірге ойын көрсеткендері де баршылық. Бұл бәйге тартысқа толы болды. Алға деп атойлаған мемлекеттік қызметшілердің әрқайсысы бас жүлдеден дәмелі-ақ. Алайда бақ шаба ма, бап шаба ма? Сәті түскен жан ғана «Суперкубокты» қанжығасына байлайды. Қаңтар айында бастау алған қысқы біріншілікте волейболдан аудан әкімшіліктері арасынан 1 орын алған Сайрам ауданы әкімдігінің командасы облыстық басқармалармен бас бәйгеге таласты. Әріптестерін қолдау үшін Сайрам ауданының әкімі Ұласбек Сәдібеков те айтулы шарадан тыс қалмапты.    Қатысушылар жарыста жанталасып, беріспей берілмей жатқан сәтте Өмірзақ Шөкеев те келіп, ойын барысын тамашалады. Аламан додаға арнайы келген облыс әкімі кіл жүйріктердің есімі анықталар сәтті күтіп, соңына дейін бақылады. Нәтижесінде, Түркістан облысының қысқы біріншілігінде басым ұпаймен Түркістан облыстық Ішкі істер Департаменті жеңімпаз атанып, «СУПЕРКУБОКТЫ» қанжығасына байлады. Ал екінші орынды облыстық басқармалардан құралған «Қыран» командасы алып, үшінші орынды облыстық статистика басқармасы иеленді.

    Аталған бәйгені ұйымдастыру үшін Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасынан 1 млн теңге қаржы қаралған. Жауапты мамандардың сөзіне сүйенсек, мұндай ауқымды жарыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

Айғақ-ақпарат

Previous Post

Түркістан облысындағы шаруалар қиындыққа тап болуы мүмкін

Next Post

Елімізде тағы бір мереке күнін белгілеу ұсынылды

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.