ЕЛ ҚОРҒАНЫ — ЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ
7 мамыр – ерлік пен елдік рухты ұлықтайтын ерекше күн. Отан қорғаушылар мерекесіне орай Шымкентте шекара қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, ел...
Отырыста облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Самат Рамазанов жер саласына қатысты берілген тапсырманың орындалуы туралы баяндады. Бекітілген іс-жоспарға сәйкес, ағымдағы жылы І-жарты жылдықта 66,4 мың га ІІ — жарты жылдықта 63,2 мың га, жалпы 130 мың гектарға жуық жайылымдық жерлерді халықтың мұқтажына алу жоспарлануда. Алынатын учаскелер нақтыланып жатыр. Нәтижесінде жыл соңына дейін халықтың пайдаланатын жайылым жерлердің көлемі 742 мың га немесе 21% артпақ. Жалпы Түркістан облысында 3 млн 200 мың гектар жайылымдық жер бар.
Жайылым жерлерді елді мекендер шегіне енгізу жолымен ауыл округтері әкімдерінің тікелей жауапкершілігіне беріледі. Тұрғындардың басқа да мұқтаждығына қажет болған жерді жергілікті қоғамдық бақылау ұйымдарының келісімі қажет. Бұл бағыттағы жұмыстар халықты жайылым жермен толық қамтылғанша тұрақты бақылауда.
Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің төрағалығымен өткен лездемелік мәжілісте Түркістан қаласы аумағын көгалдандыру бойынша атқарылған жұмыстардың барысы жайлы жауапты басқарма басшылары баяндады. Қаланы көгалдандыру үшін облыс аудандары мен басқармалары 32 секторға бөлінген. Әр сектор 10 мыңға дейін ағаш көшеттерін отырғызып, су жүйесін орнатып, ұңғымалар қазып, насостар қоюда. Газон егіп, жаңбырлатып суару жүйесін енгізуде. Қала аумағында терек, қарағаш, шырша, шаған, арша, үйеңкі ағаштары отырғызылды. Желден қорғау мақсатында ағаш тіреуіштер орнатылып, төрт жағынан жіппен тартылды. Алда ағаштарды паспорттау басталады. Бұдан бөлек, жол бойына гүл егетін құмыралар орнатылып, жарықтандырылатын болады. Веложолдар төселіп, көшелерде жарық шамдар, қоқыс жәшіктері мен ыңғайлы орындықтар орнатылды. Бұл аумақтарда тұрақты түрде сенбілік жұмыстары жүргізілуде.
Апталық мәжілісте облыстағы су тасқыны жағдайы баяндалды. Апаттың алдын алу мақсатында жалпы төрт жыл көлемінде 71 шқ қорғаныс дамбасы, 75 шқ астам өзендердің бойында арна түзету мен жаға бекіту, 262 шқ каналдарды жөндеуден өткізіп, 430 шқ коллекторлар механикалық тазартудан өткізілді. Ақсүмбе, Бақырлы, Ащы су қоймалары күрделі жөндеуден өтті. Сондай-ақ, Сырдария өзені бойындағы 22 елді мекенді қаматамысыз етіп отырған «Үлкен су» дабыл беру жүйесі қайта жаңғыртылды. «2021-2023 жылдарға арналған су тасқынына қарсы іс-шаралар кешені» Жол картасының жобасына 20 іс-шара енгізіліп, жағалауды нығайту, түзету жұмыстарының уақытылы аяқталуы бақылауда болады. Көктемгі су тасқынын алдын алуға қажетті құрал-жабдық қоры жасақталып, облыс аумағындағы азаматтық қорғау құрылымдарының 5 мыңнан астам жеке құрамы, 1 мыңнан астам техникасы дайындыққа келтірілген.7 мамыр – ерлік пен елдік рухты ұлықтайтын ерекше күн. Отан қорғаушылар мерекесіне орай Шымкентте шекара қызметкерлеріне құрмет көрсетіліп, ел...
7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында әуе шабуылына қарсы қорғаныс бригадасында «Сарбазға прокурорлық кеңес» акциясы өтті....
Қоғамдық кеңес отырысы бұл жолы өткір сұрақтар мен өзекті мәселелерге толы болды. Жол қауіпсіздігі сынға алынып, рұқсатсыз орнатылған жол кедергісінің...
2025 жылы қала бюджеті бірнеше рет нақтыланып, жалпы көлемі 891,5млрд теңгеге жетті. Жыл қорытындысында түсімдер жоспары артығыменорындалғанымен, кейбір салаларда қаржы...
Жыл басынан бері Қаратау ауданындағы құрылыс жұмыстарына 4,2 млрдтеңге инфестиция тартылған. Бұл туралы қоғамдық кеңестің отырысында аудан әкімі айтты.Жиында Қаратау...
Алдағы оқу жылында Шымкенттегі колледждерге 6 мың грант бөлінбек. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының студенттеріне әкімдіктің қолдауымен 1 млрд теңгеге...
Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...
Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...
Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...
Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...
Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.
Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"
Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25
Email: aigak@mail.ru
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.