Күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Биыл қала бойынша 1300-ден астам азаматты әскер қатарына жіберу жоспарланған. Қазірдің өзінде 340-қа жуық жас Шекара қызметі мен Ұлттық ұланның әскери бөлімдеріне аттанған. Ал шақырту бойынша отан алдындағы міндетін орындауға бармаған 800-ге тарта азамат іздестірілуде.
1 қыркүйектен бастап шақырылушылар тұрғылықты жері бойынша медициналық тексеруден өтуде. Сонымен қатар жастар психологиялық тестілеуден өтіп, жеке әңгімелесуге қатысады. Жарамдылығы мен дайындық деңгейіне қарай азаматтар әскери қызмет түрлеріне бөлінеді. Күзгі шақыру науқаны Шымкентте 31 желтоқсанға дейін жалғасады.
Брифинг барысында әскерге баласы аттанған ата-аналарға арнайы төсбелгі табысталатыны айтылды. Төсбелгі Отан алдындағы борышын өтеп жүрген әскери қызметшінің ата-анасына немесе жарына беріледі.
Шақырту бойынша дәлелді себепсіз келмеген азаматтарға заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Ал медициналық тексеруден жалтарған жағдайда ескерту немесе айыппұл салынады. Заңды негізсіз әскери қызметтен жалтару қылмыстық жауапкершілікке де әкеп соғады. Ал шақырту бойынша отан алдындағы міндетін орындауға бармаған 800-ге жуық азамат іздестірілуде.
Әскери қызмет өткерген азаматтарға бірқатар әлеуметтік жеңілдіктер қарастырылған. Олардың қатарында 14 айға дейін кредиттік демалыс алу және ҰБТ тапсырмай жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ жұмысшы мамандықтары бойынша мемлекеттік үлгідегі куәлік алып, қызметтен кейін жұмысқа орналасуға мүмкіндік беріледі. Кей жағдайда әскери қызметін өтеген жастар білім беру гранттарына да ие болады.
site-verification-ok

Ray ID: 8f3a2c1b9d4e5f6a · Performance & security by Cloudflare