• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қыркүйек 17, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ЕҢБЕКШІ АУДАНЫНДА ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ҚАРҚЫН АЛДЫ

17.09.2026
0

   Қыстың қамын жазда ойлаған Еңбекші ауданында жылыту маусымына дайындық қарқын алды. Аудан аумағындағы 283 көпқабатты тұрғын үйдің 175-і орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған. Бүгінде оның 134-інде жылу жүйелерін сығымдау жұмыстары толық аяқталды. Бұл – дайындық жұмыстарының 76 пайызы. Қалған нысандардағы жұмыстарды қыркүйек айына дейін аяқтау жоспарланған.

 Ауданда 2026–2027 жылдардағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары бекітілген жоспарға сәйкес жүргізілуде.Осы орайда көпқабатты тұрғын үйлерде дайындық қызу. Атап айтсақ, инженерлік инфрақұрылым нысандарының техникалық дайындығы тексерілуден өтіп қысқы кезеңге дайындау жұмыстары қолға алынған. Оған қоса аудан аумағына қызмет көрсететін сервистік компаниялар тұрғындармен тиісті келісімшарт жасасып, жылу жүйелерін сығымдау жұмыстарын да жүргізуде.

 Сонымен қатар аудан әкімдігі «Қуат жылу орталық-3» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мен бірлесіп, жылыту маусымына дайындық бойынша іс-шаралар жоспарын бекіткен. Қазір бұл бойынша жылу жүйелеріндегі қысымдау жұмыстарының сапасы тексеріліп, ішкі инженерлік желілерге бақылау жүргізілуде. Тозығы жеткен құбырлар ауыстырылып, сорғы станцияларындағы ескірген жабдықтар жаңғыртылуда.

 Жалпы, атқарылып жатқан жұмыстардың барлығы жылыту маусымы кезінде тұрғындар үшін қолайлы жағдай қалыптастырып, жылу жүйелеріндегі төтенше және апатты жағдайлардың алдын алуға бағытталған. Ауданның қыс мезгіліне толық әрі қауіпсіз дайын болуы жауапты мамандар мен аудан әкімдігінің басты назарында.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

Ы. АЛТЫНСАРИН КӨШЕСІ ТАМЫЗ АЙЫНДА ТОЛЫҚ АШЫЛАДЫ

Ы. АЛТЫНСАРИН КӨШЕСІ ТАМЫЗ АЙЫНДА ТОЛЫҚ АШЫЛАДЫ

Айғақ медиа
17.09.2026
0

Шымкентте құрылысы созбаланға салынған Алтынсарин көшесі техникалық режимде көлік қозғалысына ашылды. Бұл қаладағы ірі жол инфрақұрылымы жобаларының бірі. Жалпы, шаһарда...

55 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ АЙЫППҰЛДАН БОСАТЫЛДЫ

55 МЫҢНАН АСТАМ АЗАМАТ АЙЫППҰЛДАН БОСАТЫЛДЫ

Айғақ медиа
17.09.2026
0

Шымкентте әкімшілік рақымшылық аясында мыңдаған азаматтың айыппұл берешегі есептен шығарылды. Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты күшіне енген заң негізінде 55 мыңнан...

САРБАЗДАР КҮМІС ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

САРБАЗДАР КҮМІС ЖҮЛДЕГЕ ИЕ БОЛДЫ

Айғақ медиа
17.09.2026
0

Шымкент гарнизонының 35748 әскери бөлімінің сарбаздары «Сарбаз Олимпиадасында» күміс жүлдеге ие болды. Әскерилер арасында алғаш рет ұйымдастырылған жарысқа 14 командадан...

ТҰРҒЫНДАРҒА ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

Айғақ медиа
17.09.2026
0

Шымкентте «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. Шара аясында тұрғындарға тегін құқықтық көмек көрсетілді. Азаматтар білікті заңгерлер мен мемлекеттік органдардың өкілдерінен...

40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

40 ОТБАСЫ БАСПАНАЛЫ БОЛДЫ

Айғақ медиа
17.09.2026
0

Баспаналы болуды жылдар бойы күткен тағы 40 отбасының арманы орындалды. Шымкентте қала әкімі Ғабит Сыздықбеков жаңа пәтерлердің кілтін салтанатты түрде...

АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ЖАС ӨРЕНДЕР

АБАЙ МҰРАСЫН ҰЛЫҚТАҒАН ЖАС ӨРЕНДЕР

Айғақ медиа
17.09.2026
0

Шымкентте оқушылар арасында «Абай оқулары» атты поэзия байқауы өтті. Ұлы ақынның туған күнінде 30 жас өрен бір сахнаға жиналды. Шара...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.