ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ
Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...
Шымкентте бастау алған «Кітап оқитын ұлт» пилоттық жобасы тұрғындардың қызығушылығын тудырды. Жобаға 26 мыңнан астам оқушы мен 18 мыңнан аса студент белсенді қатысты. Сонымен қатар мыңдаған педагог пен отбасылар бұл бастаманы қолдаған. Бүгінде қатысушылардың әрқайсысы орта есеппен 15 кітаптан оқып, нәтижеге жеткен. Бұл – қала тұрғындарының білімге деген сұранысы жоғары екенін дәлелдейді. Жоба аясында «Кітап оқитын мектептен» бастап, «Кітап оқитын мемлекеттік қызметшіге» дейінгі 6 бағыт қамтылған. Әр бағыт қоғамның түрлі саласын біріктіріп, кітап оқу мәдениетін кеңінен насихаттауға жол ашты. Іріктеу кезеңі наурызда басталып, сәуір айында өз мәресіне жетті. Нәтижесінде үздік қатысушылар анықталып, сән салтанатпен марапатталды.
Бүгінде бұл жобаның нәтижесіне қуанып жүрген жастардың қатары артып келеді. Қаладағы №49 жалпы орта білім беретін мектептің 8-сынып оқушыларыда үздіктер қатарынан көрінді. Сайысқа қатысқан оқушылар кітапты жастайынан серік етіп, оқу арқылы биік жетістікке жетуге болатынын айтады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кітап оқудың маңызын ерекше атап өткен болатын. Осы бастама соның нақты іске асқан үлгісіне айналып отыр. Жоба жастардың таным көкжиегін кеңейтіп, отбасылық құндылықтарды нығайтуға ықпал етуде. Қалада кітап оқу жаңа трендке айналып, зияткерлік орта қалыптасып келеді. Алдағы уақытта бұл жоба тұрақты түрде жалғасады.Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...
Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...
Қазақстандық ауыр атлет Нұрғиса Әділетұлы Қытайдың Нинбо қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында күміс медаль иеленіп, ел мерейін үстем етті. Шымкенттік...
Баспанаға қол жеткізу – әр отбасының басты арманы, ал әлеуметтік қолдауды қажет ететін азаматтар үшін бұл мәселенің маңызы тіпті жоғары....
Көлік кептелісі азайып, қатынас реттелсе, қала тынысы да кеңейе түседі. Бүгінде Шымкенттегі Керім Тіленшин көшесінің көрінісі осындай. Теміржол үстінен өтетін...
Қаланың қарқынды дамуы ең алдымен аудандардың тыныс-тіршілігінен байқалады. Жаңа тұрғын алаптар бой көтеріп, халық саны артқан сайын инфрақұрылымға деген сұраныс...
© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.