• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Ақпан 28, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Бас ақпарат

BEELINE ШЫМКЕНТТЕ ҮЙДЕГІ ОПТИКАЛЫҚ ИНТЕРНЕТТІ КЕҢЕЙТУДЕ

24.11.2025
0

Шымкент қаласында цифрландыру бағытында айтарлықтай өзгерістер жүріп жатыр. Сол бастамалардың алдыңғы қатарында Beeline Қазақстан компаниясы тұр. Оператор бүгінде қаланың жеке секторларын жоғары жылдамдықты GPON технологиясымен қамтуды қарқынды жүргізіп, жаңа аудандарда оптикалық инфрақұрылымды белсенді түрде орнатып келеді. Қала тұрғындарына сапалы және жылдам байланыс ұсыну — компанияның басты міндеті.   Бүгінгі таңда оптикалық желі көпқабатты үйлермен қатар жеке секторларда да жүргізілген. Атап айтқанда, Сайрам, Ақжайық, Асар-2, Тельман, Қайнарбұлақ, Қайтпас-2 және Қатынкөпір мөлтек аудандарына толықтай талшықты интернет желісі тартылды. Алдағы уақытта Ынтымақ, Ынтымақ-1, Ынтымақ-2, Достық, Нұршуақ, Самал-3, Нұрсат және Нұртас шағын аудандарын қосу жоспарда бар.

GPON технологиясының мүмкіндіктері

GPON технологиясы секундына 300 Мбит/с дейін жылдамдық ұсынып, HD форматтағы фильмді бірнеше минутта жүктеуге мүмкіндік береді. Бір уақытта бірнеше құрылғы қосылғанның өзінде интернеттің жылдамдығы төмендемейді. Бұл әсіресе оқу маусымында өте өзекті: балалар онлайн-сабаққа қатысады, ата-аналар қашықтан жұмыс істейді, жалпы айтқанда отбасы мүшелері сервистерді еш қиындықсыз пайдалана алады.
Үйдегі интернетке қосылу өте оңай. Барлық техникалық жұмыстарды компания мамандары орындайды, сондықтан пайдаланушылар тек жоғары жылдамдықты қызметті пайдалана алады

Ержан Кошмахамбетов, Beeline компаниясының Шымкент қаласы бойынша интернет желілері бөлімінің басшысы:
— Бұған дейін Шымкент қаласында Beeline интернеті негізінен көпқабатты тұрғын үйлерде қолжетімді болатын. Ал жеке секторды жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары соңғы жылдары айтарлықтай қарқын алды. Соңғы екі жылда жеке үйлерді қосуға ерекше назар аударып келеміз, өйткені үйдегі интернетке деген сұраныс едәуір артты. Қазіргі таңда жеке секторды 20- 30% деңгейінде қамтып үлгердік. Алдағы жылдары мегаполисті толық қамтуды мақсат еткен ауқымды стратегиялық жобаларымыз жоспарланған.
Цифрландыру дәуірінде сапалы интернет — күнделікті қажеттілік. Осыған байланысты біз GPON желісін тек заманауи талшықты-оптикалық кабельдер және жоғары технологиялы роутерлер арқылы орнатамыз. Қолданылатын құрылғылардың барлығы – соңғы үлгідегі әрі халықаралық сапа стандарттарына сай жабдықтар. Бұл абоненттерге жылдам, тұрақты интернетті кедергісіз пайдалануға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, әрбір орнатылған желі бойынша абоненттермен тұрақты кері байланыс жүргізіп, қызмет сапасын үздіксіз бақылауда ұстаймыз.

Жоғары жылдамдықты интернет – әрбір тұрғын үшін                                                             

Beeline ұсынған сапалы оптикалық интернет Шымкент тұрғындарына қашықтан жұмыс, онлайн оқыту, медициналық және мемлекеттік қызметтерге қолжетімділікті арттырады. Балалар мен жастарға білім процесін тиімді жүргізуге, шығармашылық және зерттеу мүмкіндіктерін кеңейтуге жағдай жасайды. Сондай-ақ, жоғары жылдамдықты байланыс шағын және орта бизнеске тиімділік пен бәсекеге қабілеттілікті арттыруға мүмкіндік береді, жаңа цифрлық сервистер мен стартаптардың дамуына жол ашады.

Құрасын Төкен, Шымкент қаласы Ақжайын мөлтек ауданының тұрғыны:

— Қазір интернетсіз күнделікті тірлік қиындап барады. Жұмыс істеу, қоғамдық көлікте жолақы төлеу, сауда жасау — бәрі онлайн жүйеге бейімделіп кетті. Немерелерім оқиды, олармен байланысып, мектептен алып кету үшін де тұрақты желі қажет. Сол себепті, мамандардың кеңесімен үйге қолжетімді интернет жүргізіп қойдым. Содан бері өз жұмысым да жеңілдеп, балалар да сабаққа дайындалып, түрлі онлайн үйірмелерге қатысып, бос уақытын тиімді өткізе бастады.

Қуаныш Момышұлы, Шымкент қаласының тұрғыны:

— Бұрын ата-бабаларымыз алыстағы туыстарынан айлап-жылдап хабар ала алмаған. Қазір заман басқа, байланыссыз отыру мүмкін емес. Уақыттың талабы — ақпаратқа тез қол жеткізу. Сол себепті отбасымызға үй интернетін қостық. Үйдегілердің барлығы бір жүйеге қосылып, оқу, жұмыс және күнделікті тұрмысқа қажетті шаруаларды еш қиындықсыз атқарып жүр.

 

Сапалы интернеттің Шымкент үшін маңызы қандай?

Қаланың цифрлық инфрақұрылымын жаңарту арқылы Beeline Шымкенттің экономикалық және әлеуметтік әлеуетін нығайтып, мегаполис тұрғындарына заманауи сервистер мен қызметтерді тұрақты жеткізуді қамтамасыз етеді. Beeline үшін басты міндет – сапалы байланыс пен тұрақты интернетті әрбір отбасыға жеткізу. Заманауи желілердің салынуы Шымкенттің цифрлық дамуын жеделдетіп, тұрғындарға тиімді әрі қолайлы мүмкіндік ұсынады. Бұл жобаға Шымкент қаласы әкімдігі мен “Оңтүстік Жарық” мекемесінің меморандум арқылы қолдау көрсетуі қаланың инфрақұрылымын жаңғыртуға жаңа серпін берді.

 

 

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена...

4 ЖАСТАҒЫ ӘЛИ БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫ ИГЕРІП ҮЛГЕРГЕН

4 ЖАСТАҒЫ ӘЛИ БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫ ИГЕРІП ҮЛГЕРГЕН

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Түркістан облысында төрт жастағы Әли Адамбек мектеп табалдырығын аттап, бастауыш сынып бағдарламасын меңгеріп үлгерген. Құрдастары әріп танып жүргенде, ол күрделі...

ТАРАЗДА ЗАҢСЫЗ БЕЛГІ ҮШІН ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ЖАППАЙ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

ТАРАЗДА ЗАҢСЫЗ БЕЛГІ ҮШІН ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ЖАППАЙ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Таразда жол ережесін бұзбаған бірнеше жүргізуші заңсыз айыппұл төлеп келген.Тексеріс Сүлейменов көшесінде орнатылған 40 км/сағ жылдамдық шектеу белгісінен басталды.Камералар жылдамдықты...

1,5 МЛН ТЕҢГЕ: СЕМЕЙДЕ АУЫЛҒА КӨШУ БАҒДАРЛАМАСЫ

1,5 МЛН ТЕҢГЕ: СЕМЕЙДЕ АУЫЛҒА КӨШУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

“10 сиыр мен бір жылқы бар”: Семейде әкімдік тұрғындар ауылға көшу үшін 1,5 миллион теңге ұсынуда.Семейде “Қаладан – ауылға” атты...

ҚАЗАҚСТАН КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ 4 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ 4 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында Әлем кубогының кезеңі басталды. Халықаралық турнирдің алғашқы күні Қазақстан құрамасы төрт алтын медаль...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР КӨЛІГІМЕН ҚАЛАҒАН КҮНІ КӨШЕГЕ ШЫҒА АЛМАУЫ МҮМКІН

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР КӨЛІГІМЕН ҚАЛАҒАН КҮНІ КӨШЕГЕ ШЫҒА АЛМАУЫ МҮМКІН

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Енді қазақстандықтар қалаған күні көлігімен көшеге шыға алмайды. Мемлекеттік нөмірдің соңғы цифры 9 болса сіз 2-сі, 4-і, 16-сы сияқты даталарда...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.