Close Menu
"Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    Facebook YouTube Instagram Telegram TikTok Threads WhatsApp
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    • Басты бет
    • Жаңалықтар
      • Саясат
      • Қоғам
      • Экономика
      • Мәдениет
      • Әлеумет
      • Тарих
      • Боздақтар
      • Спорт
      • Денсаулық
    • Жобалар
    • Сұхбат
    • Айғақ media
      • Фотогалерея
      • Бейнематериалдар
    • Аймақтар
      • Шымкент
      • Түркістан
      • МӘДЕНИ АСТАНА
    live
    • Біз туралы
    • Жарнама
    • Байланыс
    "Айғақ"  ақпараттық порталы"Айғақ"  ақпараттық порталы
    Facebook Instagram YouTube Telegram TikTok Threads WhatsApp
    Home»Айғақ MEDIA»ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР КӨЛІГІМЕН ҚАЛАҒАН КҮНІ КӨШЕГЕ ШЫҒА АЛМАУЫ МҮМКІН
    Айғақ MEDIA

    ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР КӨЛІГІМЕН ҚАЛАҒАН КҮНІ КӨШЕГЕ ШЫҒА АЛМАУЫ МҮМКІН

    Айғақ медиаАйғақ медиа26.02.202659 Views

    Енді қазақстандықтар қалаған күні көлігімен көшеге шыға алмайды. Мемлекеттік нөмірдің соңғы цифры 9 болса сіз 2-сі, 4-і, 16-сы сияқты даталарда жүрмейсіз. Ол күндері тек 8 сияқты жұп санмен аяқталатындар ғана қозғалады.Қазақстандық экологтар Қытайға барып келіп, енді Бейжіңдегі ауаны қорғау тәртібін бізде енгізгісі келіп отыр. Соның бірі көлік нөміріне тікелей байланысты. Министрлік енді түтін қоюланған сәтте бұдан былай осындай соңғы цифрі жұп сандармен таңбаланған көліктерге тек жұп күндері, ал тақ сан болса 1-і,3-і,5-і сынды тақ күндері жүруге рұқсат беруді ұсынды.

    “Бұдан басқа Экологиялық кодекстің 205 және 21-бабына сәйкес, министрлік әкімдіктерге ауаны ластау, жиынтық есептеулерін әзірлеу, қоршаған орта сапасының нысаналық көрсеткіштерін және ШРЕШ жиынтық томдарын қалыптастыру жөніндегі жұмысты жандандыруды тапсырды”, – деді ЭТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Ербол Қожыков.
    Экология министрлігі көлік нөміріне байланысты қозғалысты шектеп, қалалардағы ауа тазалығын қолға алмақ. Ведомствоның дерегінше, Алматының өзінде улы қалдықтың 60 пайызы машинадан шығады.
    “Бір күні тақ сан, бір күні жұп сан дегенді мен қолдаймын. Ол бізге тамаша. Өйткені кейде бір шаруалармен шыққанда, күнде шыға бермейсің ғой, тақ сандықтар ғана жүрген кезде өзіңе белгілі болып тұрады ғой. Есептеп отырасың, бүгін шығамын бүгін көлік аз дегендей”, “Мысалы менің нөмірім 0. Сонда шығуға болмайды. Бірақ менің баратын тірліктерім көп. Мен сонда сол бір сан үшін ешқайда шықпай, бетіне қарап отырамын ба?”, – деп жүргізушілердің ойы екіге бөлінді.Тәртіпті енгізу-енгізбеу мәселесін әкімдік пен мәслихат шешеді. Ал Алматы әкімдігі қалада ауаны қорғау ережесі 2 ай бұрын ғана қабылданғанын, онда көліктердің нөміріне қарай қозғалысын шектеу көзделмегенін мәлімдеді. Бірақ шаһарға кіретін ескі көліктерге ақша төлету жоспарда бар.
    “Бірақ оны біз 2029 жылы іске асыруды көздеп отырмыз. Қазір ереже пилоттық жоба ретінде 1 жыл, одан кейін 2027 жылы нормаға сай келмейтін автокөліктерге тыйым салынады. Одан кейін, нормаға келмейтіндерге шара қолдану жалғасады, сонымен қоса ескі көліктерге ақылы қатынау енгізіледі”, – дейді “ЭКО АЛМАТЫ” ЖШС бөлім басшысы Айдана Қасен.

    Share. Facebook Twitter Pinterest LinkedIn Email VKontakte Telegram WhatsApp Copy Link
    Айғақ медиа

    Related Posts

    ПУМСЭ ТАЕКВОНДОСЫ РЕСМИ МӘРТЕБЕСІН АЛДЫ

    18.11.2026

    ҰЛТТЫҚ ВАЛЮТАҒА – 33 ЖЫЛ

    18.11.2026

    ЦИФРЛЫҚ ДӘУІРДЕГІ ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУЕТІ

    18.11.2026
    Leave A Reply Cancel Reply

    ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
    ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

    Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек.

    БАЙЛАНЫС

    Мекен жайы: Қазақстан Республикасы, Шымкент қаласы, Ғ.Iляев көшесi, №29 үй
    E-mail: aigak@mail.ru
    Телефон: +77014416666

    Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде 2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 — ИА куәлігі берілген.

    Facebook Instagram Telegram YouTube TikTok Threads WhatsApp
    © 2015- 2026 . «Айғақ» ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.

    Type above and press Enter to search. Press Esc to cancel.