“10 сиыр мен бір жылқы бар”: Семейде әкімдік тұрғындар ауылға көшу үшін 1,5 миллион теңге ұсынуда.Семейде “Қаладан – ауылға” атты пилоттық жоба іске қосылды.
“Біз мектеп жасындағы балалары бар отбасыларды шақырамыз. Оларға тұрғын үй, 10 сиыр және бір жылқы береміз. Тұрақты жұмысқа орналастырамыз”, – деді Абай ауданы Медеу ауылдық округінің әкімі Еркебұлан Кеңесбекұлы.
Қала тіршілігінен ауыл өміріне көшуді шешкендерге әкімдік қолдау көрсетеді. Бастапқы жарна үшін отбасыларға 1,5 миллион теңгеге дейін қаражат беріледі.
Бизнес ашуға немесе мал шаруашылығымен айналысуға көмек көрсетіледі. Кәсіпкерлер 6% жылдық мөлшерлемемен 10 жылға дейінгі жеңілдетілген несиелер мен гранттар ала алады.