• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Жексенбі, Наурыз 1, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

«ШЫМҚАЛА» КЕШЕНІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІ МИНИСТР НАЗАРЫНДА

19.08.2025
0

Шымкентке жұмыс сапарымен келген Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева төрт жыл бұрын салынған «Шымқала» тарихи-мәдени кешенінің қазіргі жағдайына назар аударды. 2 миллиард 700 миллион теңге бюджет қаржысына бой көтерген нысанның қасбеттері қирап, қабырғалары мүжілген. Ең қиыны – кешеннің заңды құжаттары әлі күнге дейін рәсімделмеген. Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Шымкент қаласына жұмыс сапарымен келді. Бұл – министрдің мегаполиске және Түркістан облысына алғаш келуі емес. Бұған дейін де ол өңір халқымен жүздесіп, мәдени жобаларды талқылаған болатын. Сапардың негізгі мақсаты – азаматтарды қабылдап, олардың мұң-мұқтажын тыңдау. Мемлекеттік қызметкер ретінде министр әр тұрғынның сөзін естіп, мәселенің шешімін табуға күш салды. Кездесу барысында назар аударылған тақырыптардың бірі – төрт жыл бұрын бой көтерген «Шымқала» тарихи-мәдени кешені. Бюджеттен 3 миллиардқа жуық қаржы қаралғанымен, бүгінде кешеннің жағдайы мәз емес. Тағы бір маңызды жайт – бұл нысанның заңды құжаттары әлі күнге дейін рәсімделмеген. Яғни, қала билігі бірнеше миллиард теңгеге жуық қаржыға кешен тұрғызып, оны ресми тіркеуге алмапты. Бұл мәселеге байланысты министр Шымкент қаласының әкімдігін бірлесе әрекет етуге шақырды.

Жиында сондай-ақ, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, Шымкентте Мәдениет және өнер университетін ашу мәселесі де сөз болды. Аида Балаеваның айтуынша, бұл бастаманы жүзеге асыру үшін ең алдымен білімді, тәжірибелі ұстаздар құрамын жасақтау қажет. Сондай-ақ, нысанға сапалы жөндеу жұмыстары жасалуы керек. Министр бұл бағытта жүйелі жұмыс жүріп жатқанын және оқу орны ашылған жағдайда өңірдің шығармашылық әлеуетін арттыруға зор үлес қосатынын атап өтті. Бұл кездесу – жай ғана жұмыс сапары емес, аймақтың мәдени болашағын айқындайтын маңызды диалог алаңы болды. Министр көтерген әрбір мәселе – халықтың көз алдындағы шынайы проблемалар. Оларды шешу үшін мемлекет пен қоғамның бірлескен қадамы қажет. Өйткені мәдениет – ұлттың айнасы, ал оны сақтау мен дамыту – баршамыздың ортақ борышымыз. Шымкент – жасампаздық пен жаңашылдыққа толы қала. Мұнда мәдениет пен өнердің өрісін кеңейту – тек өңірдің ғана емес, бүкіл елдің рухани дамуына қосылатын үлес. Сондықтан айтылған мәселелер шешімін тауып, халықтың сенімін ақтауы тиіс.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

ҚАЗАҚСТАН ТУЫН ОЛИМПИАДА ЖАБЫЛУЫНДА МИХАИЛ ШАЙДОРОВ КӨТЕРДІ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Италияның Верона қаласында Милан–Кортина-2026 Қысқы Олимпиада ойындарының жабылу салтанаты өтті. Рәсім екі мың жылдық тарихы бар, ЮНЕСКО тізіміне енген Арена...

4 ЖАСТАҒЫ ӘЛИ БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫ ИГЕРІП ҮЛГЕРГЕН

4 ЖАСТАҒЫ ӘЛИ БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫ ИГЕРІП ҮЛГЕРГЕН

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Түркістан облысында төрт жастағы Әли Адамбек мектеп табалдырығын аттап, бастауыш сынып бағдарламасын меңгеріп үлгерген. Құрдастары әріп танып жүргенде, ол күрделі...

ТАРАЗДА ЗАҢСЫЗ БЕЛГІ ҮШІН ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ЖАППАЙ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

ТАРАЗДА ЗАҢСЫЗ БЕЛГІ ҮШІН ЖҮРГІЗУШІЛЕРГЕ ЖАППАЙ АЙЫППҰЛ САЛЫНҒАН

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Таразда жол ережесін бұзбаған бірнеше жүргізуші заңсыз айыппұл төлеп келген.Тексеріс Сүлейменов көшесінде орнатылған 40 км/сағ жылдамдық шектеу белгісінен басталды.Камералар жылдамдықты...

1,5 МЛН ТЕҢГЕ: СЕМЕЙДЕ АУЫЛҒА КӨШУ БАҒДАРЛАМАСЫ

1,5 МЛН ТЕҢГЕ: СЕМЕЙДЕ АУЫЛҒА КӨШУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

“10 сиыр мен бір жылқы бар”: Семейде әкімдік тұрғындар ауылға көшу үшін 1,5 миллион теңге ұсынуда.Семейде “Қаладан – ауылға” атты...

ҚАЗАҚСТАН КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ 4 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

ҚАЗАҚСТАН КОНЬКИМЕН ЖҮГІРУДЕН ӘЛЕМ КУБОГЫ КЕЗЕҢІНДЕ 4 АЛТЫН МЕДАЛЬ ЖЕҢІП АЛДЫ

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Германияның Инцелль қаласында конькимен жүгіруден жасөспірімдер арасында Әлем кубогының кезеңі басталды. Халықаралық турнирдің алғашқы күні Қазақстан құрамасы төрт алтын медаль...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР КӨЛІГІМЕН ҚАЛАҒАН КҮНІ КӨШЕГЕ ШЫҒА АЛМАУЫ МҮМКІН

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР КӨЛІГІМЕН ҚАЛАҒАН КҮНІ КӨШЕГЕ ШЫҒА АЛМАУЫ МҮМКІН

Айғақ медиа
26.02.2026
0

Енді қазақстандықтар қалаған күні көлігімен көшеге шыға алмайды. Мемлекеттік нөмірдің соңғы цифры 9 болса сіз 2-сі, 4-і, 16-сы сияқты даталарда...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.