• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

М.ӘШІМБАЕВ БАСТАҒАН СЕНАТОРЛАР МЕГАПОЛИСТЕ

10.07.2024
0

Төраға Мәулен Әшімбаев бастаған бір топ сенаторлар Шымкентке келді. Жоғарғы палата ұлттық бірегейлікті сақтауда мегаполистің маңызды мәртебесі бар екенін ерекше атап өтті. Ал, қала әкімі мемлекет саясатын іске асыру мен шаһардың тынысын кеңейту жолындағы тындырымды тірліктер толастамайтынын, артылған сенім аясында экономикалық өсімді айшықтап, әлеуетті арттыратын жұмыстар жалғаса беретінін айтты. Парламент-әкімдік-мәслихат пен қоғам өкілдерінің арасындағы кездесуде бірқатар мәселелер көтеріліп, ұсыныстар айтылды.

   Парламенттің жоғарғы палатасы Сенаттың төрағасы Мәулен Сағатханұлы Шымкент қаласынан сайланған депутаттар мен аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасын бастап, мегаполиске келді. Қала әкімдігінде өткен кездесуге мәслихат депутаттары және қоғамның өкілдері қатысты. Ашық форматтағы жүздесуді Сенат төрағасы бастап, Шымкенттің  тарихи-саяси беделі зор, көпке үлгі екенін айтты. Сонымен қатар, Президент Жолдауы мен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын іске асыру бағытындағы міндеттерді нақтылады. Шаһардың дамуында Сенаттың ықпалы және Палата мен мәслихаттардың бірлесе жұмыс істеуі маңызды. Осы ретте Мәулен Сағатханұлы аталған салада жұмыстың жаңа форматы қажеттігін айтты.

Жиында Сенат пен мәслихаттардың бірлескен  жұмысының маңызды басымдықтары айтылды. Сегізінші шақырылымдағы екінші сессияда 102 заң қабылданса, оны қарауда мәслихат депутаттары, сарапшылар мен азаматтық қоғамның өкілдері жұмылдырылған. Палата спикерінің айтуынша, жергілікті өкілді органдардың ұсыныстары мен бастамалары өңірлерді дамыту жұмысы төңірегінде қозғалатын мәселені шешуде маңызға ие.

Мәулен Әшімбаев сөз барысында қала әкімінің жұмысы жүйелі екенін айтып, алдағы уақытта жоспарлы бағыттар бойынша жалғастыра беру керегін атап өтті. Сенатордан соң мінберге шыққан Сыздықбеков қала экономикасын өрлететін негізгі бағыттарға тоқталды. Өндірісті көркейтіп, өнеркәсіпті дамыту мақсатында шетелдік инвесторлармен жүргізілген келіссөздермен таныстырды.

Мегаполиске келудегі мақсат түсіндіріліп, алдағы жұмыстар жайы айқындалған соң сұрақ-жауапқа көшті. Мәслихат депутаты Қайрат Есенбек Шымкентте ауыл шаруалық бағытындағы жерлерге төленетін салықтың мөлшері көршілнес облыстарға қарағанда едәуір жоғары екенін айтып, оны Заң шеңберінде қарастыруды сұрады.

Қоғамдық кеңестің мүшесі Бауыржан Әлтеев қаладағы кептеліс, автотұрақ мәселесін көтерсе, депутат Альбина Елшиева мәслихаттың мәртебесін арттыруды керегін айтты. Ал, ардагерлер ұйымының төрағасы Төлебаев Кенжехан бастауыш сыныпта әдет-ғұрыпты насихаттайтын бағыт болу керегін тілге тиек етті.

Қоғамдық кеңеске мүше Біржан Байтуов күнгейден теріскейге көш мәселесін қозғады. Стратегиялық маңызға ие мәселе аясында адам аз қоныстанған өңірлерге оңтүстіктің азаматтарын көшіру бағытында жаңа бастамалар керек дейді ол. Ақын сондай-ақ, ұлттық құндылыққа қарсы шабуыл жасаған әлеуметтік желінің асауларына тұсау керек деп санайды.

Екі сағатқа жуықтаған жиында мегаполистегі өзекті деген, республика деңгейінде шешілуі керек түйткілдер айтылды. Инфрақұрылым және логистика мәселелерін шешу барысы талқыланды. Мәулен Әшімбаев әрбір мәселе оң шешімін табуы үшін алдағы сессияда республика бюджетін қараған кезде сенаторлар аталған басымдықтарды және мәслихат депутаттарының ұсыныстары назарда болатынын айтып, кездесуді қорытындылады.

Previous Post

МЕДИЦИНА — ХАЛЫҚ САУЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ

Next Post

СЕНАТ ТӨРАҒАСЫ БЕЛСЕНДІ ЖАСТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.