Парламент Мәжілісінің депутаты Таңсәуле Серіков Шымкент қаласына келді. «Медицина әрқашанда серпілісті қажет ететін саланың бірі», — деген мәжілісмен, қазірде үкіметке 10 депутаттық сауал болса, оның бесеуі осы салаға қатысты дейді. №13 қалалық емхана қызметкерлерімен кездесу өткізген депутат жиын барысында онкологиялық ауруға шалдыққан азаматтарға министрлік тарапынан қолдау көрсетілуде, сонымен қоса медицина қызметкерлерінің жұмыс сапасы жоғары болуы керек екенін тілге тиек етті. Әсіресе, дәл осы салада қызмет ететін азаматтардың білімі, соның ішінде ауылдағы медицинаның әлеуеті жоғары болуы қажет екенін айтты.