Бүгінде Қаратау ауданының аумағы 19 500 құрап, халвқ саны 213 мыңнан асты. 18 елді мекенді құрайтын Қаратау ауданында инфрақұрылым жүйелерін дамыту, абаттандыру, жарықтандыру мен жолдарды жөндеу секілді негізгі жұмыстар жүргізілген. Бүгінде ауданды ауыз сумен қамту көрсеткіші 98 %. Электр жарығымен қамту көрсеткіші 98 %. Табиғи газбен қамту көрсеткіші 96 % құрап отыр.
2024 жылы халық қатысатын бюджет жобасы аясында ағымдағы жылы 21 балалар ойын алаңы, 9 ашық спорт алаңшасы салынатын болады. Алдағы уақытта 45 көшеге асфальт төсеу жұмыстары жүргізіледі. Және де 266 көшеге жарықтандырылады. Сондай-ақ, Рахымберді Мүлкеманов аудан аумағында көпқабатты үйлердің қасбеттері ретке келтірілетін айтты.