• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Дүйсенбі, Мамыр 4, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

690 ЖҰМЫСКЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛҒАН

18.05.2024
0

Шаһарда жыл басынан бері 690 жұмыскердің еңбек құқығы қорғалып, 423 жұмыскердің жалақы қарыздары өтелген. Бұл туралы Шымкент қаласы мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы брифингте мәлімдеді. Сондай-ақ, баспасөз конференциясында өткен жиында Бауыржан Қалжанов 2024 жылғы бірінші тоқсанда атқарған жұмыстары туралы есеп берді.

Қазақстан Республикасының Еңбек және Әлеуметтік кодекстерінің, сондай-ақ Қызметкер еңбек міндеттерін атқарған кезде жазатайым жағдайлардан оны мiндеттi сақтандыру туралы заңдарының орындалуы барысында басқарманың арыз шағымдарымен жұмыс жасай отырып, есептік кезеңде басқармаға азаматтардың 769 арыз шағымдары келіп түсіп, оның ішінде 656 өтініші қаралған. 194 тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 546 құқық бұзушылық анықталған. Бүгінде анықталған бұзушылықтардың 478 жойылып, заңда сәйкестендірілген. Жалпы аталған есептік кезеңде 690 жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалған. Ал білім саласы, денсаулықты сақтау, спорт, мәдениет, құрылыс салаларында құқық бұзушылықтар өсіп келеді. Арыз шағымдарды қарау кезінде, аталған құқық бұзушылардың өсуінде 2 себеп бар дейді Бауыржан Қалжанов.


Сондай-ақ, жұмыскер жалақысының уақытылы төленуі және әрбір жұмыскердің конституциялық құқығын ескере отырып, басқарма басшысы жалақы қарыздарының алдын алу мақсатында жұмыс жасап келе жатқанын айтып, 2024 жылы 16 кәсіпорындағы 423 жұмыскердің 100 бен 600 миллион теңге көлемі аралығында жалақы қарыздарын өтелгенін айтты. Сондай-ақ, бүгінгі таңда Шымкент қаласында жалақы қарыздарының жоқ екенін мәлімдеді.
Шымкент қаласы бойынша кәсіпорындар мен мекемелерде тұрақты түрде қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жұмыстары жүргізілуп отырады. Жүргізілген мониторинг қорытындысы бойынша бүгінгі күнге қаламыздағы 1452 кәсіпорында еңбек қауіпсіздігі бойынша өндірістік кеңестер жұмыс жүргізіп жатқан болса, 2128 жұмыс орындарына зиянды және қауіпті еңбек қауіпсіздігі бойынша аттестациялау жүргізілген.
Брифингте сақтандыру заңнамасы туралы да сөз қозғалды. Кез келген компания өзінің қызметкерлерін жылана бір рет жазатайым оқиғадан алдын ала сақтандырып отыру керек. Ескеретін жайт, бұл жерде мемлекеттік мекемеге міндеттілік жоқ. Өйткені, оларда өзінің ішкі құжаттарымен және заңнамаға сәйкес жауапкершілік жүктелген. Жалпы 7558 компания өзінің қызметкерлерін сақтандыру керек болса, 2022 жылдың нәтижесімен тек қана 28 пайызға жұмыс беруші өзінің қызметкерлерін сақтандырып келген.
Еңбек жағдайдары зиянды жұмыстарда істейтін жұмыскерге төленетін әлеуметтік аударымдарға келсек, 2024 жылы міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының аударатын кәсіпорындар саны 160, еңбек өтілін цифрландыру процесін бастаған кәсіпорындар саны 102 орындалуы 65 пайызға енгізілген. Ағымдағы жылдың соңына дейін, есепке алудың бірыңғай жүйесіне 100% барлық деңгейдегі кәсіпкерлік субъектілер тіркелуі тиіс.
Қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығы аумақтық кәсіподақтар бірлестігі бастамасымен және әлеуметтік әріптестердің қатысуымен қаламыздағы кәсіпорындармен мекемелерде Қауіпсіз еңбек бағдарламасын іске асыруда. Бұл туралы Шымкент қаласы “Кәсіподақтар орталығы” аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бауфржан Алтеев 1 тоқсанда атқарылған жұмыстар мен қауіпсіз еңбек бағдарламасының мақсатына тоқталды.
Айта кетейік, Еңбек жолы конкурсына өтінімдер қабылдау басталды. 1- ші кезең өңірлік 10 тамызға дейін болса, 2- ші кезең республикалық, қазан айында қорытындыланады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ЖӨНСІЗ ҚОЙЫЛҒАН ЖОЛ КЕДЕРГІЛЕРІ

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Қоғамдық кеңес отырысы бұл жолы өткір сұрақтар мен өзекті мәселелерге толы болды. Жол қауіпсіздігі сынға алынып, рұқсатсыз орнатылған жол кедергісінің...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАЗЫНА ҚАРЖЫСЫ ҚАЙДА ЖҰМСАЛДЫ?

Айғақ медиа
01.05.2026
0

2025 жылы қала бюджеті бірнеше рет нақтыланып, жалпы көлемі 891,5млрд теңгеге жетті. Жыл қорытындысында түсімдер жоспары артығыменорындалғанымен, кейбір салаларда қаржы...

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

ҚАРАТАУҒА 4,2 МЛРД ТЕҢГЕ ИНВЕСТИЦИЯ ТАРТЫЛҒАН

Айғақ медиа
01.05.2026
0

Жыл басынан бері Қаратау ауданындағы құрылыс жұмыстарына 4,2 млрдтеңге инфестиция тартылған. Бұл туралы қоғамдық кеңестің отырысында аудан әкімі айтты.Жиында Қаратау...

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРҒА ГРАНТ САНЫ АРТАДЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Алдағы оқу жылында Шымкенттегі колледждерге 6 мың грант бөлінбек. Сонымен қатар, жоғары оқу орындарының студенттеріне әкімдіктің қолдауымен 1 млрд теңгеге...

ПСИХОЛОГ МАМАНДАР ТАПШЫ

Айғақ медиа
30.04.2026
0

Шымкентте жасөспірімдердің психологиялық жағдайымен айналысатын арнайы орталық жұмыс істейді. 2025 жылы құрылған мекеменің негізгі міндеті – суицидтің алдын алу. Алайда,...

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

ҮКІМЕТ ҚР КОНСТИТУЦИЯСЫН ТҮСІНДІРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫН БЕКІТТІ

Айғақ медиа
06.04.2026
0

Қазақстан Республикасының Үкіметі 2026 жылғы 15 наурызда республикалық референдумда қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясын түсіндіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Тиісті қаулыға Премьер-министр...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.