Филология ғылымдарының докторы, «Парасат » орденінің иегері Құлбек Ергөбек Түркістан облысының мемлекеттік қызметшілеріне адалдық құндылығы және сыбайлас жемқорлықтың алдын- алу мәселелері бойынша мақсатты кездесу өткізді. «Мемлекеттік қызметші- қоғам айнасы » тақырыбында өткен ауқымды шараға облысқа қарасты аудан, қалалардың мемлекеттік қызметшілері қатысты. «Жалын» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткізілген басқосудың басты мақсаты – қоғам айнасы болып табылатын мемлекеттік қызметшілердің бойында әділдік, адалдық құндылықтарын берік қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайту. Ел экономикасының өркендеуіне кері ықпалын тигізетін сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен алдын алу мәселелері ортаға салынған рухани шарада Құлбек Сәрсенұлы мемлекеттік қызмет деген мәртебелі маман иелерінің ел алдында ант пен аманатқа адал болуы қажеттігін баса атап өтіп, адалдықтың ақ туын биік ұстау – әрбір ел азаматының перзенттік парызы екендігін мемлекеттік қызметшілердің назарына жеткізді. Келелі кездесуді қорытындылаған «Түркістан – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Нұржахан Абуова елімізге белгілі ел ағасы Құлбек Сәрсенұлына адалдық қағидатын қалыптастыруға бағытталған арнайы дәрісі үшін айрықша алғыс білдіріп, Түркістан облысының мемлекеттік қызметшілерін қоғам індетінің туындауына жол бермеуге шақырды.
ЖЕРЛЕСІМІЗ “Mrs Gold International — 2023” АТАҒЫНА ИЕ БОЛДЫ
Жерлесіміз Баян Сәбитқызы халықаралық “Mrs Gold International - 2023” байқауында топ жарды. Яғни, ағымдағы жылдың 25 қарашасы күні Тайландта өткен...