Шымкент қаласында 2026–2027 жаңа оқу жылына арналған техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі мамандар даярлау бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілді. Өткен жылы колледждерге 8 мың грант бөлінсе, бұл оқу жылында 2 мыңға қысқарған.
Мамандар бұл шешім білікті кадрларға деген сұранысты қамтамасыз етуге және жастар үшін тегін білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған дейді. Сондай-ақ, негізгі басымдық жұмысшы мамандықтарға берілетінін айтты. Шымкент әкімдігінің ЖОО-ның студенттерін қолдау шарасы биыл да жалғасын табады. Шымкентте білім беру саласын дамытуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасып келеді. Колледждер мен жоғары оқу орындарына бөлінетін гранттар, педагогтердің біліктілігін арттыруға арналған жобалар және оқушылардың жетістіктері – осы бағыттағы негізгі көрсеткіштердің бірі. Мамандардың айтуынша, қолға алынған бастамалар білім сапасын арттыруға және еңбек нарығына қажетті кадрлар даярлауға ықпал етпек.
