Ашық аспан астында Республика күні тойланды. Үш күнге жалғасқан мерекелік шаралар легі гала-концертпен түйінделді. Халықтың ыстық қыласына бөлеген өнер майталмандары концерттік бағдарламаның көркін қыздырды.
Шымкент тұрғындары Республика күнін жоғарғы деңгейді қарсы алды. Оған ауа райыда қарасты. Ашық астан астында орналсқан сахна жанында қала тұрғындары мен қонақтары жиналып, бірге ән шырқап мерекелік көңіл күй қалыптастырды. Осылай халықтың санасында қайта жаңғырып жатқан бұл мереке алғашқы декларация қабылданып, тәуелсіздік пен татулықтың тірегі болған күн ретінде қайта қалыптасуда.
Жергілікті өнерпаздардың әндерімен басталған іс- шара эстрада жұлдыздарының концертіне ұласты. Осымен қатар Шымкенттік «Фараб» би тобы, <<Қазына» би ансамблі мерекенің сәнін кіргізді. Мерекелік шараны Ләйлә Сұлтанқызы мен Нұрсұлтан Құрман басқарды. Шымкент жұртшылығын мерекемен құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.
Шара тағы бір ерекшелігімен көзге түсті. Мерекелік шара барасында тұрғындардың әдемі тілектері мен, сұрақтарын жолдауға арналған телеграм канал ашылды. Тұиғындар экранға QR код арқылы арнаға кіріп эстрада жұлдырзарына өз сұрақтарын жолдап, құттықтаудар, бейнажазбалармен бөлісті. Белсенді болған көрерменге демеушілер атынан арнайы сыйлықтар ұйымдастырылған.