• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сәрсенбі, Қараша 5, 2025
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ЖАҢА ӘКІМ АБАЙ АУДАНЫНЫҢ ХАЛҚЫМЕН КЕЗДЕСТІ

27.09.2023
0

Әлеуметтік инфрақұрылым, халықтың зарына айналған заңдастырылмаған жерлер, сапасыз байланыс, қаланың бас жоспарына көңіл толмау, ұн бағасының көтерілуі сынды толассыз мәселелер. Қала басшысының Абай ауданының халқымен кездесуінде айтылған жағдайлардың бір парасы осылай. Бұл мәселе, әрине, ертеден келе жатыр. Бірақ, жаңа әкімге үміт артып, бір өзгерісті күтіп отырған халық ағынан ақтарылып, дертін айтты. Бүкпесіз әңгімені тыңдаған әкім кей әріптестері үшін кешірім де сұрады.  Кездесу 3 сағат 45 минутқа созылды.

Кездесудің басы Ғабит Сыздықбековтің халықпен сәлемдесіп, аудан әкімінің аймақта атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарларын баяндаумен басталды. 15 минуттық баяндамадан соң, тәртіп бойынша сұрақ-жауапқа көштік. Залдың екі тұсындағы қос микрофонға қарай ұмтылғандар көп. Тұрғындар бас мәселесімен емес, тұралап қалған, осыған дейінгі талай жүздесуде айтылған тақырыптарды қайта көтерді. Уәде берген жауаптылардан көңілі қалса да, жаңадан тағайындалған  жаңа Қазақстанның ашықтыққа әзір әкіміне сенім артып келіп отырғандар. Соның алғашқысы әкімнің ауысуына, тағы бір ауданның құрылуына халық кінәлі емес деген қайнарбұлақтықтардың сансыз мәселесі.

Бәріміз халықтың ортасында өстік. Проблемалардан хабардармын деген Ғабит Әбдімажитұлы жұмыстың жоспарға сай жүретінін, егер ол орындалмай жатса жауап беруге әзір. Ал, қаладағы кейбір саланың жұмысын әлі толық зерделемегендіктен, білмейтінін ашып айтып, назарына алды. Тәуелсіздікке 20 жыл тұрғын алабы. Аталған жердің жұртын жер мәселесі алаңдатып отыр. Қалталылардың қанауында қалдық деген уәжге аудан әкімі жауап берді.

Нұршуақ мөлтек ауданының тұрғыны ауылдағы мәселені жазсам кітап бетіне сыймас деп, астарлы әзілмен өркениеттен кенжелеп қалған Нұршуықтың проблемасын тізіп шықты. Сайлау алды кездесуде халыққа уәдесін берген, депутаттық мандатын иеленген халық қалаулысынан Күншуақ тұрғын алабының көңілі қалып отыр.

Қаланың негізгі көшелерін көріп көңіл марқаяды. Бірақ, шеткері шықсаң ойдым-ойдым жол жүйкені жұқартқаны былай тұрсын, зардабы адамға да көлікке де тиюде деген тұрғындар айналып келіп ішкі көшені әсемдей бермей, қала маңына да бір зер салса деп отыр.

Бұл сауалға жауапты басқармалар өз жауабын берді. Өз кезегінде әкім  сіздердің жүйелі жұмыс жүргізбегендіктеріңізден осы сұрақ туындап отыр деп, басшыларға назар салды. Ақ жағалылардың бірі тұрғындармен тілдесуде Абай ауданына қарасты көшенің маңызы бар ма, жоқ па деп бөлік-жарыпты. Ғабит Әбдімәжитұлы ол әріптесі үшін кешірім сұрады. Кездесуде заңсыз жер мен құжаты болса да заңдастыра алмай, әлекке түскен тұрғындар көмек сұрады. Бүгінгі күн тәртібінде басты орында тұрған ұн мен нанның қымбаттауы да халықты алаңдатып отыр.

Министр Мусин интернет жылдамдығын Жапониямен салыстырғанда таңырқағанымыз жасырын емес. Сенгендіктен емес, сенімсіздіктен. Оның қарапайым дәлелін мегаполистен-ақ білуге болады. Ауданға қарасты шағын аудандар, тұрғын алаптар, бәрі де байланыстың шырмауына байланып, цифровизацияның мүмкіндіктерінен мақұрым қалуда.

Мұңын айта-айта шаршаған тұрғындардың алды бас қалаға барған, бірі Президентке хат жазған. Көзі ашық, көкірегі ояу халық Мемлекет басшысының тапсырмасын назарға алып, ақ жағалыларға күйімізді көру үшін елдімекендерді жаяу аралап көріңіздер деп ұсыныс айтты.

Шаһардағы негізгі мәселе – транстпорт пен әлеуметтік инфрақұрылымда. 50-ден аса азаматтың талап, арызын тыңдаған әкім істің өзгеретінін, тек жақсы жаққа қарай өзгеретінін айтты. Сұрақ қою алаңына шыққан халықтың көптігінен-ақ проблеманың қаншалықты мол екенін аңғарасың. Ғабит Сыздықбеков көтерілген тақырыптарды түртіп алып, басым бөлігіне басқарма басшыларымен бірлесе отырып жауап берді. Сөзбен қатар істің адамымын деген әкім уақыт беруді сұрап, кездесуді қорытындылады.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

КЕМЕР АУЫЛЫНЫҢ ШАРУАЛАРЫ КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ НАЗАРДА

Айғақ медиа
29.10.2025
0

Қазан айының 29-шы жұлдызында Ордабасы ауданында кезекті қоғамдық қабылдау өткіздім. "Amanat" партиясының филиалында өткен кездесуге алдын-ала 3 азамат жазылыпты. Кемер ауылының...

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

2026 ЖЫЛДАН БАСТАП МҰҒАЛІМДЕР МЕН ДӘРІГЕРЛЕРДІҢ САЛАСЫНА ҚЫРУАР ҚАРЖЫ БӨЛІНБЕК

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Мәжілістің жалпы отырысында Қаржы министрі Мәди Такиев “2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы” заң жобасын таныстырып, алдағы үш жылға арналған...

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

ЕНДІ ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АЛҒАШҚЫ ЖҮРГІЗУШІ КУӘЛІГІНЕ ӨТІНІШТІ ОНЛАЙН БЕРЕ АЛАДЫ

Айғақ медиа
27.10.2025
0

Қазақстандықтар енді ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы алғашқы жүргізуші куәлігін алуға өтініш бере алады. “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы процесс бар болғаны...

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

ЖҰМАТ ШАНИН РУХЫМЕН ӨРІЛГЕН ЖАҢА МАУСЫМ

Айғақ медиа
22.10.2025
0

Ж.Шанин театры 97-ші маусымның шымылдығын түрді. Сахна құдіретін жанымен сезініп, театр өнерін биікке көтерген әртістер өткен маусымда ауыз толтырып айтарлық...

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

ЖАСТАРҒА ЖОЛ КӨРСЕТКЕН ҒАЛЫМ

Айғақ медиа
21.10.2025
0

  Кәрімбек Құрманәлиев Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінің «Құрметті профессоры» атанды. Белгілі ғалым оқу ордасының студенттері, магистранттары және докторанттарымен кездесті. Кездесу...

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

СУ ЖЕЛІЛЕРІ ТОЛЫҚ ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Айғақ медиа
18.10.2025
0

Шымкент қаласында инженерлік инфрақұрылымды жаңарту жұмыстары қарқын алып келеді. Қала әкімдігінің «Су құбыры және канализация басқармасы» мекемесі инвестициялық бағдарлама аясында...

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.