Бозарық шағын ауданында 54 тұрғын үйдің құрылысы жалғасуда. Мегаполистің ауқымды құрылыс алаңына айналған аумақтағы жұмыстарды тексеруге шаһар басшысы барды. Бүгінде мердігерлер мұндағы 49 тұрғын үйдің, 9 нысанның инженерлік инфрақұрылым жүйелерінің құрылыс жұмыстарын атқаруда. Жоспар бойынша жыл соңына дейін 5 нысанның құрылысын аяқтау көзделген.
М. Дүйсенбекұлы жауаптыларға мердігерлер жауапкершілігін арттыра отырып, жұмыстарды талаптарға сай орындап, нысандарды мерзімінде қолданысқа беру бойынша тапсырма жүктеді.
Айта кетейік, Ақжайық шағын ауданындағы 26 тұрғын үйдің құрылысы жоспар бойынша жыл соңына дейін басталатын болады. Жалпы жыл қорытындысымен 3040 пәтерлі 67 тұрғын үй пайдалануға тапсырылады. 
ӘСКЕРДЕН ҚАШҚАНДАР АЙЫППҰЛ АРҚАЛАЙДЫ
Күзгі әскерге шақыру науқаны басталды. Биыл қала бойынша 1300-ден астам азаматты әскер қатарына жіберу жоспарланған. Қазірдің өзінде 340-қа жуық жас...










