Ағымдағы жылы шаһарда мемлекеттік бюджет есебінен 4090 пәтерлі 98 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын салу жоспарлануда. Оның ішінде Тұран шағын ауданында 1112 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр.
Осы орайда қала әкімі жауаптылармен бірге 18 қабатты нысанның құрылыс барысын қадағалады.
Жыл басынан бері Тұрандағы 540 пәтерлі 10 тұрғын үйдің құрылысы тапсырылған. Жоспар бойынша қалған 8 тұрғын үйдің құрылысы жыл соңына дейін аяқталады.
Аталған аймақтағы 26, 25, 29, орамдардың және №3390 жер телімінің инженерлік инфрақұрылым жүйелері тартылып жатқан нысандар жыл соңына дейін қолданыс үшін тапсырылады.