• Біз туралы
  • Сұрақ-жауап
  • Жарнама беру
  • Мұрағат
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Сенбі, Шілде 4, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Басты бет Айғақ TV

ҚҰРЫЛЫСҚА ОТАНДЫҚ МАТЕРИАЛДАР ҚОЛДАНЫЛАДЫ

21.07.2023
0

Түркістан облысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынатын 63 мектептің құрылысына отандық материалдар қолданылады. Сонымен бірге жергілікті өндірушілерге басымдық беріледі. Әрбір мектептің құрылыс материалдары қатаң бақыланады және арнайы стандарт бекітіледі. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Түркістандағы №28 мектеп-лицейінде ұйымдастырылған көрмеге арнайы барып, «Жайлы мектеп» жобасына қолданылатын құрылыс материалдары мен мектеп жиһаздарының жобаларымен танысты.

– «Жайлы мектеп» – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тікелей бақылауында тұрған жоба. Әрбір мектептің құрылысы өте сапалы әрі жоспарға сай салынуы тиіс. Өңірде ұлттық жобаны жүзеге асыру бағытында жұмыс тобына әр мектептің құрылысын мұқият қадағалауды тапсырамын. Балаларымыздың алаңсыз білім алуына, ұстаздарымыздың жоғары деңгейде жұмыс істеуіне жағдай жасалуы қажет. Оған мүмкіндік те, жағдай да бар. Облыстың жиһаз және құрылыс материалдарын шығаратын компанияларына, жұмысшыларына басымдық берілуі тиіс. Олардың әлеуеті жетпесе, қосымша өзге өңірлердегі отандық өндірушілермен келісім жасалып, жобалар өз мерзімінде жүзеге асуы керек, – деген Дархан Сатыбалды құрылыс материалдары мен мектеп жиһаздарын өндіретін компания өкілдерімен кездесті. Ұсыныстары мен пікірлерін тыңдады.

Көрмеде мектептерге қажетті жиһаздар, мектеп құрысымына қолданылатын материалдар туралы мағлұмат берілді. Білім ұяларының іргетасынан бастап, шатырына дейін қолданылатын материалдар ұсынылды. Барлық білім ұясына арнайы стандарт бекітілетіні, мердігерлер сол ережеге сай жұмыс істейтіні айтылды. Мектеп директорлары мен білім сарапшыларына Түркістан облысының және өзге өңірлердің жиһаз шығаратын компаниялары өз өнімдерін ұсынды.

Жалпы, өңірдегі 63 мектепке екі орындық 25100 парта, 50200 орындық, ұстаздарға арналған 2470 үстел, 2550 кресло, лаборанттарға арналған 3012 үстел, 6034 орындық алу жоспарланған. Шкафтар, асханаға қажетті үстелдер мен орындықтар, тақталар, кеңсе орындықтары және өзге де жиһаздар қажет. Осы қажеттілікті өтеу үшін Түркістан облысы әкімдігінің осы салаға жауапты басқармалары облыстағы және республиканың өзге өңірлеріндегі отандық компаниялармен келіссөздер жүргізіп, алдын ала меморандумдар жасамақ. Бұл бағаның қымбаттауының алдын алуға да мүмкіндік береді. Қажетті жиһаз көлемі ауқымды болуына байланысты Түркістан облысында жиһаз шығаратын кәсіпорын ашылуда.
«Жайлы мектеп» бойынша салынатын 63 мектептің 29-ының құрылысы биыл басталып, 2024 жылы аяқталады. Ал қалған 34 мектептің құрылысы 2024 жылы басталады. Құрылысы биыл басталатын мектептерге жауапты директорлар бекітіліп, олар құрылысты соңына дейін қадағалайды. Барлық мектеп салынатын орындар анықталып, жері бөлінген. Аталған ауқымды құрылысқа байланысты облыс әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен ұлттық жобаны жүзеге асыру жөніндегі алгоритм жасалды. Алгоритмге сәйкес облыс көлемінде арнайы жұмыс тобы құрылып, құрамына облыс әкімінің орынбасарлары, аудандар мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдері, «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының өкілдері, басқарма басшылары, депутаттар, білім саласы және инфрақұрылымға қатысты мекеме өкілдері енгізілді. Жұмысшы топтың отырысы айына кемінде 1 рет өткізіліп, өзекті мәселелер талқылануда. Әрбір білім ұясының құрылысы қатаң бақылауға алынған. Инфрақұрылымы, инженерлік жүйелері, жері, суы мен газы, электр жүйесі, жалпы әрбір өзекті мәселесін шешу жолдары жоспарланып, нақты жұмыс жүріп жатыр. Оқушылардың саны зерделеніп, қауіпсіздігі де басты назарға алынған.

БөлісуTweetPin

Ұқсас жазбалар

САРБАЗДАР ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН ӨТТІ

САРБАЗДАР ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТЕКСЕРУДЕН ӨТТІ

Айғақ медиа
04.07.2026
0

Әскердегі тәртіп пен жауынгерлік даярлықтың берік болуы сарбаздың психологиялық жай-күйімен де тығыз байланысты. Осы мақсатта Шымкент гарнизонында орналасқан әскери бөлімдердің...

ЖАҢА КОНСТИТУЦИЯНЫҢ ЗАҢ НОРМАЛАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Айғақ медиа
03.07.2026
0

Президент атынан Шымкенттік жас ғалым Дина Тәжібай ерекше марапатқа ие болды. Ол еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстанның...

ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРЛЕРІ ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШЕДІ?

АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҒЫ ҚАЛАЙ ҚОРҒАЛАДЫ?

Айғақ медиа
02.07.2026
0

Жаңа Ата заңда адам капиталына қатаң түрде басымдық берілді. Конституцияның 22-бабында көрсетілгендей, әр адам өзінің қай ұлтқа жататынын айқындауға, оны...

ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРЛЕРІ ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШЕДІ?

ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРЛЕРІ ҚАНДАЙ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШЕДІ?

Айғақ медиа
02.07.2026
0

Қала тұрғындары «Халық заңгері» көшпелі акциясы аясында тегін құқықтық кеңес алды. Іс-шара барысында жер дауы, мұрагерлік, нотариаттық рәсімдер, қарыз міндеттемелері...

ВЕТЕРИНАРЛЫҚ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙДІ

ВЕТЕРИНАРЛЫҚ БАҚЫЛАУ КҮШЕЙДІ

Айғақ медиа
01.07.2026
0

Шымкент қаласында арнайы белгіленген мал жаятын орындар жоқ. Оған себеп, қаланың республика көлемінде 3 ші мегаполиске айналуы. Осыған байланысты Абай...

ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТИІМДІЛІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ЗАҢ ҮСТЕМДІГІ МЕН МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТИІМДІЛІГІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Айғақ медиа
29.06.2026
0

 Елімізде 1 шілдеден бастап бірқатар заңнамалық өзгерістер күшіне енеді. Соның ішінде мемлекеттік қызмет жүйесіне қатысты жаңа талаптар мен жаңашылдықтар бар....

ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ —
ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫ ТОҚАЕВ

РЕСМИ БӨЛІМ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

ТҮРКІСТАН: ӘСКЕРИ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖИЫНЫ ҚОРЫТЫНДАЛДЫ

Айғақ медиа
30.10.2021
0

 Түркістан облысында аумақтық қорғаныс бригадасының бөлімшесімен бірге ұйымдастырылған арнайы тактикалық оқу-жаттығуының жабылу салтанаты өтті. Әскери борышын өтеп қойған, қазір түрлі...

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Ө.ШӨКЕЕВ: ТУРИЗМ САЛАСЫ ҮШ БАҒЫТТА ДАМЫП КЕЛЕДІ

Айғақ медиа
13.10.2021
0

 Түркістан облысында туризм саласы тарихи-танымдық, емдік-сауықтыру және экологиялық туризм болып 3 бағытта қарқынды дамып келеді. Жыл соңына дейін 38 туристік...

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

ТҮРКІСТАНДЫҚ АЙКӨЗ ЕРАЛХАН ƏЛЕМДІ МОЙЫНДАТТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Түркістандық спортшы Айкөз Ералхан Иранның Тегеран қаласында өткен XVI Әлем чемпионатында үш медаль жеңіп алды. Ат үстінде жүріп садақ ату...

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

ТҮРКІСТАННАН 30 АДАМ ПАВЛОДАРҒА ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Айғақ медиа
22.09.2021
0

 Бүгін Түркістан облысынан бір топ тұрғын Павлодар облысына жолға шықты. Мақсат – «Еңбек» бағдарласы арқылы көшу үшін Павлодар өңіріндегі ауылдарды...

Facebook Telegram Youtube Instagram

Ескерту! Кез келген материалды көшіру және жариялау үшін редакцияның арнайы рұқсатын алу қажет! Авторлық құқықтар және жанама құқықтар толық сақталады. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауап береді.

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

БІЗБЕН БАЙЛАНЫС

Мекен-жайымыз: 160000, Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі, 29, "Айғақ" Телерадиокомпаниясы"

Тел.: +7 725 221 36 11, +7 725 230 07 25

Email: aigak@mail.ru

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.