Инвестициялардың экономиканы тұрақты дамытуда маңызы айрықша. Себебі, Қазақстан – Еуропа мен Азияның тоғысқан жеріндегі жаңа стратегиялық орын. Бұған 500 млн-нан асатын тұтынушысы бар аймақтық нарық және 180 млн-нан астам тұтынушысы бар Еуразиялық экономикалық одақтың жалпы нарығына преференциялық қолжетімділік бар, уақыты тиімді жүк тасымалы кіреді. Мысалы: Еуропа-Қытай-Санкт-Петербург — 10 күн; Гамбургке — 16 күн; Лондонға – 18 күн.
Қазақстан «Бір белдеу, бір жол» бастамасында шешуші рөл атқарады – жалпы ұзындығы 10 құрлық дәлізінің маңызды учаскесін болып табылады және тасымалдау уақыты мен шығындарды айтарлықтай қысқартады.
Ақтау және Құрық теңіз порттары – Қазақстан Республикасының басқа елдерде де теңіз порттарының инфрақұрылымы бар: Батуми (Грузия) және логистикалық Ляньюньган (Қытай).
«Батыс Еуропа – Батыс Қытай» бағыты арқылы өтетін трансконтиненталдық тасжолы Қытай мен Еуропа арасындағы жүктерді 10 күнде жеткізуге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қолдаулар нәтижесінде мегаполисте инвестклимат жақсарып келеді. Бұл бағыттағы кешенді шаралар өз жемісін беруде. Биылғы алғашқы тоқсанда қалаға 84,8 млрд. теңге инвестиция тартылды. Былтыр тиісті кезеңмен салыстырғанда 109,6% құрап отыр.
Шымкент – Қазақстанның жетекші өнеркәсіптік және экономикалық орталықтарының бірі. Қалада түсті металлургия, машина жасау, химия, мұнай өңдеу және тамақ өнеркәсібінің өнеркәсіптік кәсіпорындары бар.
Жалпы, жыл соңына дейін 721,7 млрд.теңге инвестиция тарту жоспарлануда. Осылайша көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 32%-ға артады деп күтілуде. Діттелген межеге қол жеткізу үшін түрлі бағытта жұмыстар жүргізілуде.
Биыл «Бозарық» тамақ өнеркәсібінің индустриялық аймағының инфрақұрылым құрылысы аяқталады. Бүгінде аймақтың 1,8 мыңнан астам адамды жұмыспен қамтуға қауқарлы 21 жобасы әзірленді.
Сондай-ақ, қалада жеке «Standard» индустриялық аймағы құрылуда. Қазір «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын 175 га дейін, ал сауда-логистикалық орталығын 136 га дейін кеңейту жұмыстары жүргізілуде. Арнайы экономикалық аймақ (ЕЭА) – басым қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін арнайы арнайы құқықтық режимі мен инфрақұрылымы бар Қазақстан Республикасы аумағының бір бөлігі. Қазақстан Республикасының аумағында әртүрлі салалық бағыттар бойынша 13 арнайы экономикалық аймақ бар. Соның бірі , әрі бірегейі осы біздің Шымкенттегі тоқыма және мұнай химиясына бағытталған «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы. 2005 жылы негізі қаланған аймақтың құрылу мақсаты: республика экономикасының әлемдік экономикалық қатынастар жүйесіне енуін күшейту, жоғары тиімді, оның ішінде жоғары технологиялық және бәсекеге қабілетті өндірістерді құру, өнімнің жаңа түрлерін өндіруді дамыту, инвестиция тарту, нарықтық қатынастардың құқықтық нормаларын, басқару мен басқарудың заманауи әдістерін, сондай-ақ әлеуметтік мәселелерді шешуді енгізу;
Қазақстан Республикасының мақта өңдеу өнеркәсібі, тоқыма және тігін өнеркәсібі кәсіпорындарын дамыту;
тоқыма өнеркәсібін дамыту; тоқыма бұйымдарын өндіру үшін әлемдік брендтердің өндірушілерін тарту;
жоғары технологиялық өндірістерді құру, тоқыма бұйымдарының сапасын арттыру және ассортиментін кеңейту;
химия және мұнай-химия өнеркәсібін дамыту.
Сондай-ақ, бүгінде «Тассай» индустриялық аймағында 24 жоба іске қосылып, онда 1,8 мыңнан астам жұмыс орындары ашылды. Жалпы аймақ іске қосылғалы мұндағы кәсіпорындардан бюджетке 8,2 млрд. теңге салық төленген. Бизнес өкілдерімен кездесіп, өзекті мәселелерін тыңдаған М.Дүйсенбекұлы туындаған проблемалардың оңтайлы шешу жолдарын қарастырды.
«Аймақты инженерлік-инфрақұрылыммен қамту жұмыстарының екінші кезеңін жыл соңына дейін аяқтау қажет. Оған дейін кәсіпорындардың уақытша электр қуатымен қамтылуын ұйымдастырыңыздар. Инвесторларға берілген жер телімдерінің тиімді пайдаланылуын қадағалауға алыңыздар» — деді қала әкімі.
Жыл соңына дейін мұнда 7 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Жобалар 200 адамды жұмыспен қамтуға қауқарлы.
Қала әкімі жауаптыларға кәсіпорындардың қуаттылығына сай жұмыс істеуіне барынша қолайлы жағдай жасап, абаттандыру, көріктендіру жұмыстарын бақылауға алуды тапсырды.
«Жұлдыз» арнайы индустриалдық аймағының болса жалпы алаңы 306 гектарды құрайтын жаңа аймақ 2021 жылы ашылып, қазір экономикалық алаңның 121 гектарына жоспарға сай инфрақұрылыммен қамту жұмыстары жүргізілуде. Қала басшысы Мұрат Әйтенов биылғы жылдың 6 шілдесіне дейін инвесторлар үшін жоспарға сай электр желісі, су, табиғи газ, кәріз жүйесі тартылып үлгеруі қажет екенін айтып өтті.
- Инвесторлар бізге сеніп, құрылыс жұмыстарын бастап кетті. Сондықтан оларға барынша қолайлы жағдай жасауға тиіспіз, — деген қала басшысы инфрақұрылым жүргізіп жатқан мердігер мекемелермен ғана емес, инвесторларды да сөзге тартып, олардың тың жобаларын тыңдады.
Сонымен бірге қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы тиісті басқарма басшыларына инвестициялық жобаларға қатысты тапсырмалар жүктеді. Әсіресе құрылысын бастаймын деген жобаларды сүйемелдеп, қажетті рұқсатнама құжаттарын алуға жәрдемдесу, жоспарланған жобалардың уақытылы іске асырылуына көмектесу, жосықсыз жобаларды арнайы экономикалық аймағынан шығарып, орнына приоритетті жобаларды кіргізу керектігін айтты.
Айта кетейік, екі жыл көлемінде «Жұлдыз» индустриалдық аймағында машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы саласы бойынша 147,2 млрд. теңгені құрайтын 42 жоба әзірленді. 2023-2026 жылдар аралығында жүзеге асатын осы жобалардың аясында 4 мыңға жуық тұрғын жұмыспен қамтылады деп күтілуде.
Оның ішінде 2023 жылы инвестициялық құны 7,1 млрд. теңге құрайтын, 411 жаңа жұмыс орындарымен 5 жобаны іске қосу жоспарлануда.
Қала әкімі Мұрат Әйтенов «Жұлдыз» және «Тассай» индустриалдық аймағының жұмыстарын таразылаған соң, кезекті рет «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағын аралады. Мұнда электр желісі, газ, су және өзге де инженерлі-коммуналды жүйе тартылып қойғандықтан, дайын инфрақұрылым мен қолайлы логистика арқылы нарықта тауар өндірісін қалыптастырып үлгерген кәсіпорындар жұмыс істейді. Дегенмен, өз кәсібін кеңейтемін немесе жаңа жобаны бастаймын деген кәсіпкерлер үшін де экономикалық аймақ қолдау көрсетуге әзір.
Қала басшысы «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында бірқатар кәсіпорын басшыларымен жүздесіп, олардың ұсыныс-пікірлеріне құлақ түрді. Мәселен, «Шабитекс» ЖШС-і әскери және арнайы жұмысшы киімдерін тігумен айналысады.
Нарықта өз орнын тауып, тігін фабрикасына қажет түрлі техникалық жабдықтармен қамтылған кәсіпорын болашақта жұмыстарын ұлғайту мақсатында жаңа жоба бастап кеткен. Мұрат Дүйсенбекұлы кәсіпорын басшысының бастамасын қолдап, мемлекет тарапынан көрсетілетін қызметтерге тоқталып өтті.
Сонымен қатар «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында инвестиция көлемі 58,4 млрд. теңге тұратын 35 жоба іске асырылып, 2,5 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды. Жалпы аймақ жұмыс істеп тұрған кезеңнен бері бюджетке 8,2 млрд. теңге салықтық және әлеуметтік аударымдар жасаған.
Қарқынды жұмыс істеп тұрған индустриялық аймақта жаңа жобаларды қолға алу жылдам жүріп жатқандықтан аумағы 867 гектарлық қосымша 5 жаңа өнеркәсіптік алаң құрылуда. Нәтижесінде инвестиция көлемі 398 млрд. теңгені құрайтын 271 жоба іске асырылатын болады.
Жалпы соңғы жылдары Қазақстан жоғары инвестициялық әлеуетті көрсетуде мүмкіндіктері мол. Атап айтқанда, стратегиялық орналасуы, бизнеске қолайлы орта, инвесторлардың құқықтарын қорғау, инвестициялық ынталандырулар, саяси тұрақтылық, шикізат мол қоры, адам капиталы, табиғи ресурстардың молдығы инвесторлардың қызығушылығын арттыруда.