Ұлт денсаулығы кез-келген ел үшін ең бірінші маңызды мәселеге баланады. Себебі, ең бай ел қазба байлықтарымен, табиғатымен немесе халқының еңбекқорлығымен өлшенбейді. Ел байлығы халықтың денінің саулығымен бағаланады. Сондықтан да ауру адамы аз ел ең бай ел. Бұл бағытта тәуелсіздік жылдары қыруар жұмыстар атқарылды. Медицна мекемелері жаңартылып, техникалық базасы жасақталды. Әлемнің жетекші елдеріндегідей соңғы инновациялық құрылғылар жабдықталған ауруханалар мен емханалар болса, білікті кадрлармен толықты. Дәрігерлер шеберліктерін шыңдап, тәжірибелерін арттыру мақсатында алыс және шетелге барып жетекші дәрігерлерден дәріс алуда.
Мұндай жағымды өзгерістер еліміздің үшінші мегаполисі атанған Шымкент қаласында да орын алды. Биылдың өзінде қалалық онкологиялық орталықта онкогематология бөлімшесі ашылып, пэт/кт орталығы мен сәулелі терапия орталығында пэт, кт, сызықтық үдеткіш апараттары орнатылды. Ал 1 сәуірден бастап аурухананың базасында амбулаторлық коронароангиография және стендттеу қызметі көрсетілуде. Қалалық онкологиялық орталықта, №1 қалалық клиникалық ауруханада, қалалық клиникалық балалар ауруханасында және Шымкент жүрек орталығында 120 маманның қатысуымен республикалық мамандарымен 8 мастер-класс өткізілсе, жедел медициналық жәрдем станциясында орталықтандырылған симуляциялық орталықта Халықаралық стандарттар бойынша 108 медициналық қызметкерлерге практикалық дәрістер дәрігерлердің шеберліктерін шыңдауға мүмкіндік берді.
Бүгінде үшінші қалада денсаулық сақтау басқармасының ведомствалық бағынысында 33 медициналық ұйым бар. Оның ішінде 12 емхана 12 емхана, 15 аурухана, 6 басқа ұйымдар (Диагностикалық орталық,медициналық колледж, қан орталығы, ЖЖС, балалар үйі, СПИД орталығы). Қалада тәуліктік 4125 төсек- орын күндізгі стационарда 1959 төсек –орын бар. Шымкент қаласында 4760 дәрігер қызмет етеді 10 мың халыққа шаққанда көрсеткіш 42,1 құрап отыр, 10496 орта буын медициналық маман қызмет етеді 10 мың халыққа шаққанда көрсеткіш 92,8 құрап отыр.
Шымкент қаласының тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында 4 жаңа (№14Емдеу орталығы, Дария Медикус, Саби Мед, Турлан Медикал) медициналық орталық ашылып 50 мың халыққа қызмет көрсетуде.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің ағымдағы жылы 1 қыркүйегінде халыққа арнаған «ӘДІЛЕТТІ МЕМЛЕКЕТ. БІРТҰТАС ҰЛТ. БЕРЕКЕЛІ ҚОҒАМ» атты Жолдауының үшінші «Ел болашағына арналған стратегилық инвестиция» атты үшінші бағдарында ұлт саулығын жақсартуда келелі ой, жүйелі тапсырмалар берді. «Еліміздің басты құндылығы – адам» деп бастаған Президенті Ұлт саулығын жақсарту арқылы қоғамды орнықтырудың жолдарын ұсынды.
Сондай-ақ, Мемлекет басшысы өз Жолдауында «Денсаулық сақтау саласы бәсекеге қабілетті болуы үшін дәрігерлер дайындау жүйесін жетілдірген жөн. Медициналық жоғары оқу орындарының жанынан көпбейінді ауруханалар және клиникалар ашылады. Алдағы үш жылда резидентураға бөлінетін грант саны 70 пайызға көбейеді. Мұның бәрі ұлт денсаулығын сөз жүзінде емес, іс жүзінде жақсартуға септігін тигізеді». Шымкентте кадр тапшылығын жою мақсатында резидентураға оқуға 87 қызметкерді жолдау көзделуде. Себебі мегаполисте неонатолог, реаниматолог, гематолог, иммунолог, сурдолог мамандығына деген сұраныс жоғары. Одан бөлек, медицина мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында ағымдағы жылдың алты айында 2938 медициналық қызметкерлер шет елде және республикалық орталықтарында біліктілігін арттырған. Арнайы оқытудан өткен медицина мамандары арасынан қалада алғаш рет балаларға кеңес беру үшін он педиатриялық мобильді бригада құрылған. Бұл мобильді топ дәргрлері тәуекел тобындағы балаларды уақтылы анықтау және оларды стационарлық емдеуге жіберу жұмыстарымен айналысады.
Басқарма тарапынан жылдың басында медициналық жабдық сатып алу үшін 1,1 млрд теңге бөлінген. Нәтижесінде диагностикалық тексеру жұмыстары мен күрделі оталарды жасау үшін жеті аппарат сатып алынды. Бұған қоса, жылдың соңына дейін үш медициналық техника сатып алынады. Жалпы, үшінші қалада медицина саласының материалдық-техникалық базасын жақсартуда ауқымды шаралар атқарылған. Шымкент қаласының №1 қалалық клиникалық аурухана базасында заманауи ангиографиялық ота жасау бөлмесі ашылды. Жаңадан орнатылған қондырғы арқылы диагностикалық тексерулерді өткізе отырып, күрделі оталарды жасауға мүмкіндік артты.
Ота жасау бөлмесінің салтанатты ашылуына қала әкімі Мұрат Әйтенов, Ұлттық Нейрохирургия орталығының президенті Серік Ақшолақов қатысты.
М.Әйтенов қалада денсаулық саласын дамыту жұмыстарының жоспарға сай жүргізіліп жатқанын айтты.
Қаламызда соңғы 3 жылда медициналық ұйымдардың материалдық техникалық базасын нығайтуға 13,9 млрд. теңге қаражат бөлініп, қамту көрсеткіші 79,2 пайызға жетті. Ангиографиялық аппараттар 2020 жылы №2 қалалық ауруханаға, 2021 жылы Қалалық клиникалық балалар ауруханасына және Қалалық онкологиялық орталыққа орнатылып, халыққа жоғары мамандандырылған медициналық көмектің қол жетімділігін арттырды. Медицина қызметкерлері өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарады деп сенемін,- деді.
Мұнда бас ми тамырына, бастағы ісікке және инсулть алған науқастарға жоғары жоғары технологиялық операция жасалады. Жаңадан орнатылған ангиографиялық жүйе соңғы буындағы құрылғы болып табылады, құны 1 млрд.теңгеге жуық. Жүйенің ерекшелігі екі детекторды бір уақытта қолдану арқылы нейрохирургиялық, интервенциялық оталарды жасауға, тамырларды 3D кескінде тексеруге, отаның барысында компьютерлік томография өткізуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, еліміздің республикалық клиникалары мен шетел мамандарын тарта отырып, онлайн шеберлік сағаттарын өткізуге болады.
Қаланың және жақын орналасқан өңірлердің науқастарына жоғары технологиялық медициналық көмек көрсетеді.
Шымкент қалалық балалар клиникалық ауруханасының хирургтері аяғының қан тамыры кесілген 5 жасар балаға тың әдіспен күрделі ота жасады.
Ағымдағы жылдың 21-тамыз күні жедел жәрдем қызметімен науқас бала ауыр жағдайда қалалық клиникалық балалар ауруханасына жеткізіліп, жансақтау бөліміне жатқызылған. Пациентте оң тізе астынан қан кету, аяқтың тізеден төмен бөлігінің көгеруі, мұздауы сынды белгілер болған.
Пациентті жедел түрде тексерген мамандар оң тізе асты артериясы мен венасының толықтай кесілген жарақатын анықтаған. Науқас балаға шұғыл түрде ота жасалмаса, аяғындағы жарақаты асқынып мүгедек болып қалу қаупі басым еді. Осыны ескерген тәжірибелі ангиохирург,анестизиолог дәрігерлер Олжас Шынтасов, Мақсат Умирбаев, Тотиков Берик пациентке жедел ота жасады.
Хирургтар науқас баладағы тамырларының диаметрінің кішкентай болуына байланысты, микроскопиялық LEICA ONX аппарат көмегімен ота жасаған. Операция кезінде мамандар үзілген тізе асты артериясын ұшпа-ұш жалғап тігіп берді.
“Отадан кейін, аяқтың төменгі бөлігіне қан барып, жылып, тобық аймағында пульс пайда болды. Баланың қазіргі жағдайы қанағаттанарлық, үйге шығуға дайындалып жатыр. Тамырдың жарақатына дер кезінде жоғарғы медициналық көмекті дұрыс көрсетпеген жағдайда, көбіне дистальды бөлігі өкінішті жағдай ампутациямен аяқталуы мүмкін. Ата-аналар балаларна коңіл бөліп жүруге және жарақаттың алдын алуға шақырамыз”-дейді бөлім меңгерушісі Олжас Шынтасов.
«Ана мен бала денсаулығы медицина саласының ең өзекті әрі көкейкесті мәселесі екені анық.Керек десеңіз, бұл ұлт байлығы.Халқымыздың баянды болашағы, мемлекетіміздің ертең жарқын күні бұл ана мен бала денсаулығының қандай болмағына тікелей байланысты. Бұл бағытта қала перзентханалары айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп жүр. Мегаполистегі перзентхананың барлық бөлмелеріне беделер орнатылып, әйелдерге гигиеналық жағдайлар жасалынған.
2022 жылдың 1 жарты жылдығында Шымкент қаласында 15325 бала дүниге келді. Оның ішінде егіздер-194, үшемдер-1. Өткен жылмен салыстырғанда, егіздердің тууының 18 жағдайға өсуі байқалды (10,2%).
Балаларға мамандандырылған көмектің қолжетімділігі мен сапасын жақсарту мақсатында Қалалық клиникалық балалар ауруханасының материалдық-техникалық жарақтандырылуы 96% — ға дейін жақсартылды, заманауи медициналық жабдықтар сатып алынды.Сондай-ақ бұрын болмаған онкогематология, нейрохирургия, интервенциялық кардиохирургия, нефрология бөлімшелері ашылып, дамуда. Қазіргі уақытта осы жабдықтың көмегімен церебральды сал ауруы, орталық жүйке жүйесінің туа біткен ақаулары, ісіктер, гематомалар, ми тамырларының тромбозы сияқты күрделі операциялар мен манипуляциялар жүргізілуде. Жыл басынан бері Қалалық клиникалық балалар ауруханасында 76 нейрохирургиялық оталар жасалынды.
Қалада балаларды оңалту қызметі дамып келеді. Қазіргі уақытта жалпы Шымкент қаласы бойынша 9 медициналық ұйымда қалпына келтіру мен оңалту емі жүргізілуде. Жалпы тәуліктік балалар төсек-орын саны — 391, күндізгі төсек орын саны -101.
2022 жылдың 6 айында оңалтудан өткен жалпы бала саны-3773 (2021ж. — 2908), 2021 жылмен салыстырғанда — 865 балаға көп, тәулік бойы стационарда -2842, күндізгі стационарда – 931 бала оңалтудан өткен. Шымкент қаласындағы оңалту емін жүргізетін Оңалту орталықтары МДК-мен (мультитәртіпті команда) жабдықталған: реабилтолог дәрігерлерімен, емдік дене шынықтыру нұсқаушыларымен, эрготерапевтермен, психологтармен, логопедтермен, дефектологтармен, әлеуметтік педагогтармен, сондай-ақ түзету педагогтарымен (ойын терапевттерімен, музыка терапевттерімен,Монтессори-терапия мамандарымен).
Шымкент қаласында жүйке ауруларымен диспансерлік есепте 2497 бала тұрады, онының ішінде ДЦП-мен 1164 баланың 893 оңалту емінен өтті.
142 орта білім беретін мектептерде медициналық пункттер жұмыс істейді. Профилактикалық тексеруге жататын 225737 оқушының ішінде оқу жылы ішінде 146729 оқушы тексеруден өтті, бұл жоспарланған 50% қамтудың 65% — ын құрайды. Профилактикалық иммундаумен жасы бойынша балалардың 33% қамтылған, жоспар бойынша 30-33,2%.
«Аурудың жақсысы, дәрінің тәттісі болмайды» демекші, тіс ауруы өте ұнамсыз жағдалардың бірі. Адамның жүйке жүйесіне әсер ететін ауруға алғашқы көмек көрсету мақсатында Шымкентте стоматологиялық қызмет көрсететін кабинеттер саны артты. Қалалық емханада тәс дәрігерлері күндіз және кешкі сағат 20:00-ден, таңғы 08:00-ге дейін түнгі ауысыммен жұмыс жасайды. Күндіз балаларға 17 кабинет терапевтік, 4 кабинет хирургиялық қызмет көрсетсе, түнгі ауысымда 3 дәрігер 2 медбике тіс емдейді.
Емхананың дәрігерлерінің айтуынша түнгі ауысымда бір күнде орта есеппен 17-25 бала ем алуға келеді. Ал күндіз бала саны 500-600 –ге дейін барады. Айта кету керек, осы уақыт аралығында тек бір кабинет жұмыс істеген. Ол емделушілерге ұзақ уақыт кезекте тұруларына себеп болған.
Сондықтан, аталған кемшіліктердің орнын толтыру үшін Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысының тапсырмасына сәйкес, емхана басшылары түнгі ауысымда екі кабинетті іске қосты.
Сонымен қатар, Шымкентте ерекше балаларға арналған мамандандырылған стоматологиялық кабинет ашылды.
Жаңадан ашылған кабинетте дәрігерлер церебральды сал ауруына шалдыққан және басқада мүмкіндігі шектеулі балалардың ауыз қуысы мен тісін арнайы әдіспен, наркоз беру арқылы жеңіл түрде емдейді.
Асардағы балалар ауруханасында ашылған стоматалогиялық кабинетте ақ халаттылар науқастарды тегін қабылдайды. Бұл үшін жергілікті емханадан пациенттің жолдамасы қажет.
Стоматологиялық кабинетте тісті емдеумен қатар ауыз қуысына диагностикалық тексеру жүргізіліп, бір жерден ем-дом тағайындалады.
Кабинет рентген, наркоз аппараты сынды қажетті жабдықтармен қамтылған.
Шымкент қалалық клиникалық аурухана базасынан ашылған стоматалогиялық кабинет жұмыс күндері сағат 09:00-18:00 аралығында жұмыс істейді.
Медицина саласын дамыту мақсатындағы тағы бір ауқымды жұмыс мамандардың жалақысын ұлғайту. Қазақстан Республикасы Президенті К.К Токаевтың 2025 жылға дейін денсаулық сақтауға арналған жалпы шығыстарды Жалпы ішкі өнімнің 5%-ға дейін ұлғайту жөніндегі тапсырмасының шеңберінде дәрігерлердің және орта медицина қызметкерлерінің орташа айлық жалақысын Қазақстан Республикасының экономикасы бойынша орташа айлық жалақыға кезең-кезеңмен ұлғайту қарастырылған. Дәрігердің орташа жалақысы 2023 жылға қарай 561 мың теңгені, орта буын медициналық қызметкерлерге-209 мың теңгені құрайды.
Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында дәрігерлер мен орта медициналық персоналдың жалақысын кезең-кезеңімен ұлғайту көзделген.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысына сәйкес 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақы орташа есеппен: дәрігерлерге-30% және орташа буын мамандары-20%-ға өсті.
Қазіргі таңда дәрігерлердің ортада жалақысы 302 139 теңге (2021 жылы 228 515 теңге), орта буын мамандарының жалақысы 175 799 теңге (2021 жылы 144 290 теңге). Бұл өз шегінде 2021 жылмен салыстырғанда дәрігерлер жалақысы 30%, орта буын мамандары 20% өсіп келетіндігін көрсетеді.
Гиппократ антына берік жандар адам өміріне араша түсіп, алғашқы адамзат алдындағы міндетімен қоса қайрымдылықты да назардан тыс қалдырған емес. Қалалық №1 клиникалық аурухана хирургтары балаларды тегін сүндеттеді. Екі күнге жалғасатын игі шара барысында дәрігерлер жалпы 100 –ге жуық балаға осындай тегін операция жасады
Алғашқы күннің өзінде келген тұрғындардың қарасы қалың болды. Себебі, тегін сүндеттеу – әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған жанұялар үшін едәуір көмек. Оташы мамандар жасаған сүндет жасөспірімдерге жеңіл әрі қолайлы болды, дейді ата-аналар.
Қала тұрғыны Фатима Мұсаева бүгінгі сүндеттеу қайырымдылық шарасына бес немересін алып келіпті.
- Көп балалы отбасылар үшін мұндай игі шара зор қолғабыс, — дейді қарт ана.
Сондай-ақ, қалалық балалар клиникалық ауруханасында да сүндетке отырғызу рәсімін өткізді. Игі шара кезінде 70-ке жуық бала сүндетке отырғызылды.
Ешқандай ауру белгісін байқатпай, жылдам жүргізілген ота да бүлдіршіндер өзін қолайсыз сезіну жағдайы тіркелмеді дейді дәрігерлер.
Тәжірибелі мамандар баланы сүндетке отырғызар алдында алдын — ала психологиялық тұрғыдан дайындап, сәтті ота жүргізді.
Айта кетейік, бұл игі шара қалалық №1 клиникалық аурухана мен «Ізгілікте жарысайық» қайырымдылық қоры жасаған екі жақты меморандум аясында өтуде. Шымкенттік дәрігерлер тегін сүндеттеу акциясынан бөлек, осы қорда тіркеуде тұрған аналарға тегін диагностикалық тексеру өткізіп, дәрігерлік кеңес берді.
Қайырымдылық шарасы аясында дәрігерлер 17-18 тамыз күндері 100 бала мен 100 анаға тегін медициналық қызмет көрсетті.
Денсаулықтың жоғары деңгейiне жетудiң ең маңызды мақсаты салауатты өмiр салтын және азаматтың өз денсаулығына деген жаңа көзқарасын қалыптастыру болып табылады, бұл әр адамның табиғи және iшкi қажеттiлiгiне айналуға тиiс.
Денсаулық — тек жеке бастың ғана емес, ұлтымыздың да ұлы игілігі. Соны ескере отырып, салауатты өмір салтын ұстануға ұмтылайық!