Жерлестеріміз Әмбебап жекпе-жектен өткен Әлем чемпионатында топ жарды. Ташкент қаласында жастар және ересек арасындағы турнирде Лайт яғни күрес түрінен 16-17 жас аралығында 1-орынды Абдірайымов Ерасыл иемденсе 18-20 жас аралығында Шерім Мүтәліп мен Бейбіт Махмудхан қанжығасына байлады. Сондай-ақ, 2 орын иегері Қуаныш Чимкентбай атанды. Ал Классикалық төбелес түрінен 16-17 жас аралығында 1-орынды Ерасыл Абдірайымов алса, 18-20 жас аралығында үш бірдей спортшы яғни Бейбіт Махмудхан, Бағдаулет Мұратәлі мен Шерім Мүтәліп 1-орын жеңімпазы атанды.

2 ЖАҢА СПОРТ НЫСАНЫ САЛЫНУДА
Шымкенттің дене шынықтыру және спорт саласына биыл бюджеттен 22 миллиардқа жуық қаржы бөлінді. Оның ішінде бұқаралық спортты дамытуға баса мән...










