PISA-2022 зерттеуінің қорытындысы бойынша таңдаулы мамандықтардың алғашқы ондығына АКТ мамандықтары кіреді деп күтіліп отыр. Бұл туралы еліміздің бас мұғалімі Асхат Аймағамбетов өзінің қазақстандық жасөспірімдердің мамандық таңдауы туралы жазбасында.
Сонымен қатар жиі таңдалатын мамандықтардың ондығына жаңа мамандықтар енді. Бұл — «Стоматологтар» (4%), «Тауарлар мен киім дизайнерлері» (3%), «Ғимараттар мен құрылыстардың сәулетшілері» (3%), «Спорт жаттықтырушылары, нұсқаушылары және спорт саласындағы мамандар» (2%), «Психологтар» (2%), «Косметологтар және олармен байланысты мамандар» (1%), «Жарнама және маркетинг саласындағы мамандар» (1%), «Графикалық және мультимедиялық дизайнерлер» (1%).