Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелерін түсіндіру мақсатында жастар және өңірлік жастар ресурстық орталығының белсенділерімен кездесу өтті. Кездесу барысында Конституцияның қоғамдағы рөлі, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң үстемдігі қағидаттары кеңінен түсіндірілді.
Сондай-ақ жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, ашық пікір алмасу ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, Конституцияның маңызын насихаттау және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру.










