Ордабасы ауданы қазақ рухының қағбасы! Қасиет қонып, құт дарыған қазақ даласының хикметке толы мекені. Мәртөбеден шыққан экспедициялық-танымдық топ ұлт рухының ұстыны Ордабасы тауына табан тіреді. Ұлттық намыстың отын жағып, жүрекке жігер, бойға қуат берген мекенде ата-баба рухына тағзым жасап, құран бағыштады.
Айта кетейік, делегация құрамында “Айғақ” телеарнасының басшысы, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Дулат Әбіш бастаған, тарих ғылымдарының докторы, археолог, Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің профессоры — Мұхтар Қожаев,
Түркістан облыстық Қоғамдық Кеңестің мүшесі, Республикалық «Отандастар» қорының Түркістан облысы мен Шымкент қаласы бойынша фронт офис сарапшысы, мәдениеттанушы — Бегалы Рысбеков,
Халықаралық «Ер-Қаптағай» қорының төрағасы, Қатонқарағай ауданының «Құрметті азаматы», меценат — Ғани Шаймарданов, «Серпіліс» қоғамдық қорының жетекшісі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі — Бейсенкүл Нарымбетова, блогер, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі — Балтабек Түйетаев, Бәйдібек аудандық «Алғабас» газетінің бас редакторы — Абзал Әділбеков, «Ontustik Kazakhstan» газетінің бөлім меңгерушісі, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі — Серікқали Жексенбай,
Қазақстанның Құрметті журналисі — Ағабек Қазанбай, блогер, «Бекет» газетінің бас редакторы — Сафуан Өтебаев, өлкетанушы, экология жанашыры — Қайрат Жүсіпов бар.