• Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
WhatsApp +7 (701) 441 6666
АЙҒАҚ ONLINE
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result
Бейсенбі, Қараша 12, 2026
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар
16+
"Айғақ" ақпараттық порталы
No Result
View All Result

Ө.ШӨКЕЕВ: «ЖАҢА ТЕМІР ЖОЛ ТУРИЗМ МЕН ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНА ОҢ СЕРПІН БЕРЕДІ»

08.12.2021
0

2022 жылы «Түркістан-Шымкент-Ташкент» бағытында жоғары жылдамдықты пойызға арналған халықаралық темір жолдың құрылысы басталады. Бұл ақжолтай ақпарат туралы Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев мәлімдеп, аталған жобаның маңызы зор екеніне тоқталды. Облыс әкімдігінің аппарат отырысында өңір басшысы темір жолдың салынуы Түркістан өңірінің ғана емес, еліміздің дамуына оң серпін беретінін жеткізді, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
– Апта басында Нұр-Сұлтанда Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев кездесіп, мемлекетаралық келісімдерге қол қойды. Сол жиындарға қатыстық. Жағымды жаңалықтар бар. Соның ішінде Түркістан облысын дамыту үшін аса маңызды «Түркістан-Шымкент-Ташкент» темір жолын салынатыны хабарланды. Екі Президент жобаны мақұлдап, Үкімет басшыларына аталған жобаны жүзеге асыру жөнінде тапсырма берді. Ол магистралдың жобалық-сметалық құжаты дайын. «Қазақстан темір жолы» компаниясы басшылығының хабарлауынша, құрылыс 2022 жылдың басында басталады. Бұл темір жолдың маңызы өте зор. Біріншіден, өңірде туризм дамиды. Темір жол Түркістаннан басталып, Шымкент қаласымен қатар Ордабасы, Қазығұрт, Сарыағаш аудандарын қамтитын болады. Тағы бір қуанышты жаңалық, Нұр-Сұлтанда инвестициялық форум өтті. Сол жерде «Қасқасу» шаңғы туризм орталығын салу бойынша Жол картасына жеті жақты келісімшартқа қол қойылды. Оның ішінде Үкімет, министрліктер, шетелдік инвестор, банктер, әкімшілік бар. Бұл туристік орталық Түркістан өңірінің экономикасын көтеруге үлес қосады, – деді Ө.Шөкеев.
Сонымен бірге өңір басшысы «Дарбаза-Мақтаарал-Жизақ» темір жолының құрылысы басталатынын, ол екі елдің тауар айналымына оң ықпалын тигізетінін мәлімдеді. Сонымен бірге Түркістан облысының Өзбекстанмен шекаралас аумағында екі мемлекеттің қатысуымен «Орталық Азия» халықаралық сауда-өнеркәсіп кешені бой көтеретінін жеткізді. Үш жоба да Түркістан облысы үшін өте тиімді.
«Түркістан-Шымкент-Ташкент» жобасы жүзеге асып, жоғары жылдамдықты темір жол магистралінің құрылысы аяқталған соң туризм және өзге де салаларда мыңдаған жұмыс орыны құрылып, ішкі және сыртқы туризм де қатар дамымақ. Сондай-ақ осы жоба арқылы бауырлас екі елдің арасындағы байланыс нығайып, барыс-келіс көбейеді.

Previous Post

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТЕДІ

Next Post

ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫРҒЫЗСТАН ШЕКАРАДА ИНДУСТРИЯЛЫҚ САУДА-ЛОГИСТИКАЛЫҚ КЕШЕН САЛАДЫ

Related Posts

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ДАҢҚТЫ БАПКЕРДІҢ ҚҰРМЕТІНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДОДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте даңқты бапкер Мардан Сапарбаевты еске алуға арналған XXXII халықаралық турнир өтті. Грек-рим күресінен өткен додаға алты мемлекеттен 250-ге жуық...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

35 ЖЫЛДАН КЕЙІНГІ ФУТБОЛШЫЛАРДЫҢ БАСҚОСУЫ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Шымкентте 35 жылдан кейін футбол ардагерлері қайта бас қосты. Шаһарда алғаш рет Қазақстан футболының мақтанышы, КСРО спорт шебері Евстафий Пехлеванидидің...

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ЗАУЫТТЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АХУАЛЫ БАҚЫЛАУДА

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптің дамуы қоршаған ортаға түсетін салмақты арттырмауы тиіс. Шымкентте экологиялық жағдайды бақылауға бағытталған жұмыс тобы «Син Юань Стил» зауытына барды....

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

ӨНДІРІСТІҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ӘСЕРІ ЗЕРДЕЛЕНДІ

by Айғақ медиа
12.11.2026
0

Өнеркәсіптік шығарындыларға бақылау күшейтілді. Шымкент қаласында экологиялық мәселелер жөніндегі жұмыс тобы «Оңтүстік» индустриялық аймағындағы «Polymettech» кәсіпорнына көшпелі отырыс ұйымдастырды. Бұған...

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

ЦИФРЛАНДЫРУ – ҚАЛА ДАМУЫНЫҢ ЖАҢА БАҒЫТЫ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Шымкентте жасанды интеллект пен заманауи технологияларды енгізу жұмыстары жүйелі түрде жүзеге асырылуда Бүгінде цифрландыру мен жасанды интеллектіні дамыту ел экономикасының...

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

ҚОЗҒАЛЫС ЕРКІНДІГІ – ӨМІР САПАСЫНЫҢ КӨРСЕТКІШІ: ШЫМКЕНТТЕ БУЫН АЛМАСТЫРУ ОТАСЫ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

by Айғақ медиа
11.11.2026
0

Адам денсаулығы мен өмір сапасын жақсарту – әлеуметтік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі. Әсіресе тірек-қимыл аппараты ауруларына шалдыққан азаматтарға сапалы медициналық...

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *


Facebook Telegram Youtube Instagram

АҚПАРАТ

  • Саясат
  • Экономика
  • Түркістан
  • Шымкент
  • Тарих
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.

No Result
View All Result
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Қоғам
    • Экономика
    • Мәдениет
    • Әлеумет
    • Тарих
    • Боздақтар
  • Шымкент
  • Түркістан
  • МӘДЕНИ АСТАНА
  • Жобалар
  • Денсаулық
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Айғақ TV
    • Фотогалерея
    • Бейнематериалдар

© 2015-2020. "Айғақ" ақпараттық порталы. Барлық құқықтар сақталған.
Қазақстан Республикасы Ақпарат және Коммуникациялар министрлігі ақпарат комитетінде
2019 жылы 13 маусымда тіркеліп, № 17745 - ИА куәлігі берілген.