11-12 желтоқсанда (сағат 15.00-де) Нұр-Сұлтан қаласының «Қазақконцерт» залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Тәуелсіздік – қасиетім, қастерлім!» атты республикалық ақындар айтысы өтеді, деп хабарлайды ҚР Мәдениет және спорт министрінің баспасөз қызметі.
2021 жылғы «Алтын домбыра» иегері анықталатын дүбірлі додаға билеттер «Тикетон» сайтында сатылады.
Концерт залына кіру Ashyq қосымшасы арқылы жүргізіледі.
Анықтама телефондары: 8 777 486 66 66